Лозанна бітім шарты

  • Лозанна бітім шарты

Лозанна бітім шарты

Лозанна бітім шарты, 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна конференциясында жасалған. Конференцияға Англия, Франция, Италия, Жапония, Грекия, Югославия, Румыния, Түркия қатысты. Лозанна бітім шарты бойынша Түркияның жаңа шекарасы белгіленіп, Осман империясының құлағаны заңдастырылды. Бұл шарт бойынша Түркия Осман сұлтандығы қарызының өзіне тиісті бөлігін мойындап, қаржылық бақылаудан құтылды. Бірақ Осман империясы тұсында қол астында болған Таяу Шығыстағы иеліктерінің бәрінен бас тартты. Лозанна бітім шарты нәтижесінде Антанта мемлекеттері 1920 ж. жасалған Севр бітім шартынан бас тартып, Түркияның тәуелсіздігін мойындады. Лозанна бітім шарты кейбір қолайсыздығына қарамастан, Түркияның халықаралық жағдайының нығаюына жағдай жасады.


Other Languages
العربية: معاهدة لوزان
Bahasa Indonesia: Perjanjian Lausanne
한국어: 로잔 조약
македонски: Лозански договор
Bahasa Melayu: Perjanjian Lausanne
srpskohrvatski / српскохрватски: Ugovor iz Lausanne
Simple English: Treaty of Lausanne
slovenščina: Lausannski sporazum
српски / srpski: Лозански мир 1923.
Türkmençe: Lozen şertnamasy
Tiếng Việt: Hiệp ước Lausanne
中文: 洛桑条约