Литва тілі

Литван тілі
Lietuvių kalba
Сөйлеу орны:Литва, Аргентина, Австралия, Беларусь, Бразилия, Канада, Эстония, Қазақстан, Латвия, Польша, Ресей, Швеция, Құрама Патшалық, Ирландия, Уругвай, АҚШ 
Аумағы:Еуропа
Барлық сөйлеушілері:2.96 миллион (Литва)
170,000 (Шетелде)
3.13 миллион (Дүние жүзі бойынша)[1] 
Әлемдегі қатары:144-ші
Тіл ұясы:Үндіеуропалық тілдер
 Балтық тілдері
  Шығыс балтық тілдері
   Литван тілі 
Жазу әдісі:Латын әліпбиі 
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері:Литва, Еуропа Одағы
Реттеушісі:Литван тілінің комиссиясы
Тіл белгілері
ISO 639-1:lt
ISO 639-2:lit
ISO 639-3:lit

 

Литван тілі (лит. lietuvių kalba) — Литваның ресми тілі, Еуропалық Одақтың ресми тілдерінің бірі. Литвада ана тілі ретінде сөйлеушілерінің саны 2.96 миллион, шетелдерде шамамен 170,000. Литван тілі өзімен туыстас Латыш тілімен бірге Балтық тілдеріне жатады, алайда екеуі өзара түсінікті емес. Литван тілі латын әліпбиін қолданады.

Тарихы

Литван тіліндегі сақталып отырған ең көне қолжазба (шамамен 1503 жыл), 15-ші ғасырда жазылған еңбектің көшірмесі.
First Lithuanian book (1547) The Simple Words of Catechism by Martynas Mažvydas
Еуропа тілдерінің картасы (1741), Исаның мінажатының алғашқы аяты литван тілінде берілген
Үндіеуропалықтардың қалай сөйлескендерін естігісі келетін әркім келіп, литван шаруасының сөйлегенін тыңдасын.
— Антуан Мейе

Литван тілінде үндіеуропалық тілдер өрбіп шыққан көне тілдерде болған есім морфологиясының көптеген бастапқы қасиеттері сақталған. Сол себепті литван тілі үндіеуропалық тілдердің салыстырмалы филологиясында маңызды роль атқарады. Салыстырмалы филологияның зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, литван тілі қазіргі үндіеуропалық тілдердің ішіндегі ең аз өзгерген тіл.[2][3]

Протоүндіеуропалық тілдің бөлшектенгенінен кейін Балтық-славян тілдерінің тобы пайда болғаны, содан соң ұзақ уақыт ортақ даму кезеңінен кейін славян және балтық тілдеріне бөлінгені туралы болжам бар (Szemerényi, 1957). Алайда Мейе, Климас, Зинкевичюс сияқты кейбір басқа тілтанушылар ондай ортақ прототілдің болғанына қарсы дәлелдер келтіріп, олардың арасындағы ұқсастықтарды ұзақ уақыт бойы бір-бірінің ықпалына түсіп отырғандарымен түсіндіреді. Балтық тілдерінде көптеген көне белгілердің бар екендігі даусыз болғанымен, олардың протоүндіеуропалық тілден дәл қалай өрбіп шыққаны әлі де анық емес.

Кейбір глоттохронологиялық пайымдаулар бойынша, шығыс балтық тілдері батыс балтық тілдерінен біздің заманымыздың 400-600 жылдары ажырап шыққан. Литван тілі мен латыш тілдерінің арасында елеулі айырмашылықтар 800 жылдан кейін пайдан бола бастаған, бірақ сонда да ұзақ уақытқа дейін оларды бір тілдің диалектілері ретінде қарастыруға болатын. Өтпелі диалектілер кем дегенде 14-15-ші ғасырларға дейін сақталып келді, 17-ші ғасырға дейін сақталған болуы да ықтимал. Екі тілдің алшақтай түсуіне қазіргі Латвияның жерін 13-14 ғасырларда неміс рыцарьлық ордендерінің жаулап алғаны қатты ықпал жасады.

Литван тілінің сақталып отырған ең көне ескерткіштеріне шамамен 1503-1525 жылдары жазып алынған Исаның мінажаты, Сәлем, Мәриям және Никея кредосы жатады. Ол ескерткіштер оңтүстік аукштайт диалектісінде жазылған. Кітаптар 1547 жылдан кейін басылып шығарыла бастаған, бірақ литвандардың арасындағы сауаттылық деңгейі 18-ші ғасырдың аяғына дейін төмен дәрежеде болып келді. 1864 жылы Қаңтар көтерілісінен кейін Литваның генерал-губернаторы Михаил Муравьёв тілдің білім беру саласында және кітап басуда қолданылуына толық тыйым салды, бірақ литван тіліндегі кітаптар шетелде — Шығыс Пруссияда және Құрама Штаттарда кедергісіз басыла берді. Ол кітаптарды Литваға қатаң түрме жазасына қарамастан әкелумен «книгнешяй» деп аталып кеткен адамдар айналысты, сол кітаптардың арқасында литван халқының ұлттық сана-сезімі өсіп, ақыры тыйым 1904 жылы алынып тасталды.

Йонас Яблонскис (1860-1930) литван әдеби тілінің қалыптасуына маңызды үлес қосты. 19-шы ғасырда жазба литван тілінің ережелері онсыз да өзгере бастаған болатын, бірақ Яблонскистің Lietuviškos kalbos gramatika («Литван тілінің грамматикасы») атты кітабына кіріспеде тілдің одан кейінгі дамуына зор әсер еткен маңызды қағидаларды қорытындылап-тұжырымдады. Ол ұсынған жалпыға бірдей литван тілі оның өзінің батыс аукштайт диалектісіне негізделіп, шығыстағы пруссия литвандарының диалектісінің кейбір жақтары енгізілді. Бұл диалектілерде көршілес көне прус тілінің әсерінің арқасында ежелгі айтылым сақталып қалып, басқа диалектілерде болса түрлі фонетикалық өзгерістер орын алып отырды. 1918 жылдан бастап литван тілі Литваның ресми тілі дәрежесіне ие болды. Литва Кеңес Одағының құрамында болған кезде литван тілі орыс тілімен қатар ресми қолданылып келді.

Other Languages
Afrikaans: Litaus
አማርኛ: ሊትዌንኛ
aragonés: Idioma lituán
العربية: لغة ليتوانية
asturianu: Idioma lituanu
Aymar aru: Lituaña aru
azərbaycanca: Litva dili
žemaitėška: Lietoviu kalba
беларуская: Літоўская мова
беларуская (тарашкевіца)‎: Летувіская мова
български: Литовски език
brezhoneg: Lituaneg
bosanski: Litvanski jezik
català: Lituà
čeština: Litevština
kaszëbsczi: Lëtewsczi jãzëk
Чӑвашла: Литва чĕлхи
Cymraeg: Lithwaneg
Zazaki: Litwanki
dolnoserbski: Litawšćina
Esperanto: Litova lingvo
español: Idioma lituano
eesti: Leedu keel
euskara: Lituaniera
Võro: Leedu kiil
føroyskt: Litaviskt mál
français: Lituanien
Nordfriisk: Litauisk
Frysk: Litousk
Gàidhlig: Liotuànais
Avañe'ẽ: Lituañañe'ẽ
Gaelg: Litaanish
客家語/Hak-kâ-ngî: Lithuania-ngî
עברית: ליטאית
Fiji Hindi: Lithuanian bhasa
hrvatski: Litavski jezik
hornjoserbsce: Litawšćina
Հայերեն: Լիտվերեն
Bahasa Indonesia: Bahasa Lituavi
íslenska: Litháíska
italiano: Lingua lituana
ქართული: ლიტვური ენა
Taqbaylit: Talitwanit
kalaallisut: Litauenimiutut
kernowek: Lithywanek
Кыргызча: Литва тили
Lëtzebuergesch: Litauesch
Lingua Franca Nova: Lietuvisce
Limburgs: Litouws
lumbaart: Lengua lituana
lietuvių: Lietuvių kalba
олык марий: Литва йылме
македонски: Литвански јазик
монгол: Литва хэл
Bahasa Melayu: Bahasa Lithuania
Dorerin Naoero: Dorerin Rituainiya
Plattdüütsch: Litausche Spraak
Nederlands: Litouws
norsk nynorsk: Litauisk
norsk: Litauisk
occitan: Lituanian
Norfuk / Pitkern: Lithyuanyan
Piemontèis: Lenga lituan-a
پنجابی: لتھوانی
português: Língua lituana
Runa Simi: Lituwa simi
Kinyarwanda: Ikilituwaniya
संस्कृतम्: लेतुवाभाषा
davvisámegiella: Lietuvagiella
srpskohrvatski / српскохрватски: Litvanski jezik
Simple English: Lithuanian language
slovenčina: Litovčina
slovenščina: Litovščina
Gagana Samoa: Gagana Lufiana
српски / srpski: Литвански језик
svenska: Litauiska
Kiswahili: Kilituanya
ślůnski: Litewsko godka
Tok Pisin: Tok Lituwenia
Türkçe: Litvanca
татарча/tatarça: Литва теле
удмурт: Литва кыл
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: لىتۋا تىلى
українська: Литовська мова
oʻzbekcha/ўзбекча: Litva tili
Tiếng Việt: Tiếng Litva
Winaray: Linituano
მარგალური: ლიტვური ნინა
ייִדיש: ליטוויש
Zeêuws: Litouws
中文: 立陶宛语
文言: 立陶宛語
Bân-lâm-gú: Lietuva-gí
粵語: 立陶宛文