Ламантиндер
English: Manatee

Ламантиндер
Antillean manatee
Antillean manatee
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Сирендер
Тұқымдасы:Trichechidae
Gill, 1872
Тегі:Trichechus
Линней, 1758
Ламантиндар ареалы
Ламантиндар ареалы
Түрлері

Trichechus inunguis
Trichechus manatus
Trichechus senegalensis
Trichechus "pygmaeus" (даулы)

Ламантиндер[1] (лат. Trichechus) — сүтқоректілер класы сирендер отрядының Trichechidae тұқымдасының жалғыз туысы. Қазба қалдықтары Солтүстік Америкада плейстоценнен, ал Оңтүстік Америкада миоценнен белгілі. Қазіргі кезде ламантиннің 3 түрі Американың шығыс жағалауларында Флоридадан Бразилияға дейінгі аймақта, сондай-ақ, Африканың Атлант мұхиты жағалауында тіршілік етеді, олардың саны өте аз. Денесінің ұзындығы 4 м, кейбір ірі түрі — 5 метрдей, салмағы 400 кг. Терісінде сирек әрі қысқа түктері бар. Денесінің түсі қоңырқай сұр, құрсағы бозғылт түсті. Ескекке айналған ортаңғы үш саусағының ұшында жалпақ тырнаққа ұқсас тұяқтары болады. Иілгіш ескек аяқтарының көмегімен су түбінде сырғып қозғалады, су өсімдіктерін саусақтарымен қысып алып қоректенеді, сезу қызметін атқаратын жоғарғы ерні екіге бөлінген. Құйрық жүзбе қанатының артқы шеті жұмыр. Күрек тістерінің орнында 2 мүйізді тақташа түзілген. Оның басқа сүтқоректілерден басты айырмашылығы — омыртқа жотасының мойын бөлімінде тек 6 омыртқа (басқа сүтқоректілерде 7) болады. Ересектерінің жақ сүйектерінде 5 — 7 азу тістері бар. Өкпелері өте үлкен. Топтанып тіршілік етеді, аналығының буаздық мерзімі 5 — 6 айға созылады. Көбіне теңіздің таяз жағалауында, өзендердің сағасы мен төменгі ағыстарында су өсімдіктерімен қоректенеді. Ламантинді су айдындарын өсімдіктерден тазарту үшін пайдаланады. Олар кайман қолтырауыны мен акулалардың қорегі. 3 түрі де Халықаалық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Все о животных. Млекопитающие, Минск, 2000.


Other Languages
Afrikaans: Lamantyn
Alemannisch: Manati
Ænglisc: Sǣcū
العربية: خروف البحر
azərbaycanca: Lamantinlər
беларуская: Ламанціны
беларуская (тарашкевіца)‎: Лямантыны
български: Ламантини
brezhoneg: Ejen-mor
català: Manatí
Cebuano: Trichechus
čeština: Kapustňák
Cymraeg: Morfuwch
dansk: Manater
Ελληνικά: Μανάτος
English: Manatee
Esperanto: Manato
español: Trichechus
euskara: Trichechus
suomi: Manaatit
français: Lamantin
Frysk: Lamantinen
Gaeilge: Bó mhara
galego: Manatí
עברית: תחש נהרות
हिन्दी: मैनाटी
hrvatski: Lamantini
magyar: Trichechus
հայերեն: Լամանտիններ
Bahasa Indonesia: Lembu laut
íslenska: Sækýr
italiano: Trichechus
日本語: マナティー
la .lojban.: trixexo
Jawa: Manatee
한국어: 매너티
Latina: Manatus
Lëtzebuergesch: Ronnschwanzséikéi
Lingua Franca Nova: Manati
lietuvių: Lamantinai
latviešu: Lamantīni
Bahasa Melayu: Manati
Malti: Lamantin
Nāhuatl: Tlacamichin
Napulitano: Lamantino
Nederlands: Lamantijnen
norsk nynorsk: Manatar
norsk: Manater
occitan: Trichechidae
polski: Manatowate
پنجابی: سمندری گاں
português: Peixe-boi
Runa Simi: Manati
română: Lamantin
русский: Ламантины
sicilianu: Lamantinu
Scots: Manatee
srpskohrvatski / српскохрватски: Lamantini
Simple English: Manatee
slovenčina: Lamantínovité
shqip: Lamantina
српски / srpski: Ламантини
svenska: Manater
தமிழ்: கடற்பசு
Tagalog: Manati
Türkçe: Manatigiller
татарча/tatarça: Lamantin
українська: Ламантинові
oʻzbekcha/ўзбекча: Lamantinlar
Tiếng Việt: Lợn biển
Winaray: Trichechus
吴语: 海牛
中文: 海牛屬
Bân-lâm-gú: Hái-gû
粵語: 海牛