Көркем әдебиет тілі

Көркем әдебиет тілі

  • 1) көркем шығармалардын тілі, кейбір коғамда ол күнделікті практикалыктілден ерекше болып келеді, бұл мағынада Көркем әдебиет тілі тіл тарихы мен әдеби тіл тарихынын пәні болып табылады;
  • 2) проза мен өлендегі көркем мәтіндердін, олардын жасалуы мен окылуынын негізіне жаткан поэтикалыктіл, ережелер жүйесі. Бұл ережелер лексика, грамматика, фонетикада бірынғай болғаннын өзінде кашанда күнделікті тілдін ережелерінен ерекше болып келеді.

Бұл мағынада Көркем әдебиет тілі ұлттык тілдін эстетикалык көрінісі ретінде поэтиканын, оның ішінде тарихи поэтиканың, әдеби семиотиканың пәні болып табылады.

Күнделікті карым-катынас диалектілерде іске асырылатын, жалпы әдеби тілі жоқ қоғамдарда Көркем әдебиет тілі сөйлеудің "диалектіден жоғары" түрі ретінде кызмет аткарады. Өте көне үнді еуропа поэзиясынын тілі, көне түркі ескергкіштерінің тілі жөнінде осындай пікір бар. Көне Грециядағы Гомердін " Илиада" және " Одиссея" поэмаларынын тілі бірде-бір жергілікті диалектімен сәйкеспейді, ол тек көркемөнердін, эпостын тілі.

Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде халық тілін көркем әдебиет пен ғылымға енгізу үшін күрес жүрді, осылайша роман — латын, Ресейде — шіркеулік славян тілі ығыстырылды. Ұлт тілдері женгеннен кейін Көркем әдебиет тіліне айналды да, ассииизм, романтизм, реализм стильдері мен әдістерінін Калыптасуына байланысты жаңа сапада дами бастады. Көркем әдебиет тілінінөрісі далпыхалыктык фунКционалды стильдер деп аталатын қабаттармен кенейтіледі, көрке.м мәтіндерді жасап талдау ережелерінін жүйесінде поэтикалык тілдін ерекшелігі күшейе түсті.

Жана заманда әрбір әдеби бағыт я әдіс (классицизм, романтизм, реализм, натурализм, әр түрлі модерндік, авангардизмдік ағымдар) өз бағдарламаларында керкемдеу тәсілдеріне, поэтикалык тілге жанаша карап, өз ерекшелігін көрсетуге тырысты. Көркем әдебиет тілінін даму процесімен катар онын теориясы да дами бастады. Антикалык риторика мен поэтикада поэзия тілінін материалдык кұралдары мен троптарынын ерекшелігін және "сөйлеу тәсілінін" өзгешелігін білдіретін екі жакты сипат байкалған (мысалы, Аристотельдін " Поэтика", " Риторика" деп аталатын екі трактаты).

19 ғ. 2-жартысында А. А. Потебня мен А. Н. Веселовский негізінен эпикалық материалға сүйеніп, поэтикалык стильдін тұрақты белгілері және олардын тарихи дәуірлерде өзгеріп отыратыны туралы ілімнін негізін салды.Әдебиет стильдерінінауысып отыруына байланысты Көркем әдебиет тілінде болып отыратын процестерді орыс тілі материалдары негізінде В. В. Виноградов түбегейлі зерттеп, Көркем әдебиет тілі деп аталатын арнайы пән жасады.Көркем әдебиет тілі эстетикалык кұнды туындылар тілі болумен бірге, өзі де багалы көркем туынды болып есептеледі. [1] [2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9


Other Languages
Alemannisch: Standardsprache
العربية: معيرة لغة
беларуская (тарашкевіца)‎: Літаратурная мова
български: Книжовен език
Cymraeg: Iaith safonol
Esperanto: Norma lingvo
suomi: Yleiskieli
français: Langue standard
עברית: שפה תקנית
हिन्दी: मानक भाषा
Bahasa Indonesia: Bahasa baku
íslenska: Ritmál
italiano: Lingua standard
日本語: 標準語
Basa Jawa: Basa baku
한국어: 표준어
Кыргызча: Адабий тил
Limburgs: Sjtandaardtaal
Bahasa Melayu: Bahasa baku
Nederlands: Standaardtaal
norsk nynorsk: Målform
português: Norma culta
română: Limbă standard
sicilianu: Standarduluggìa
سنڌي: ٺيٺ ٻولي
srpskohrvatski / српскохрватски: Standardni jezik
slovenčina: Spisovný jazyk
slovenščina: Knjižni jezik
српски / srpski: Стандардни језик
Kiswahili: Lahaja sanifu
தமிழ்: தகுமொழி
татарча/tatarça: Стандарт тел
oʻzbekcha/ўзбекча: Adabiy til
中文: 标准语
Bân-lâm-gú: Piau-chún-gí