Кәдімгі пыста

Кәдімгі пыста(рistacia vera) - сумахтар тұқымдасына жататын сирек кездесетін өсімдіктердің бірі.

Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін түр. Талас Алатауының батыс бөлігінде (Даубаба, Машат, Боролдайтау) және Қаратаудың оңтүстік-шығыс сілемінде (Алмалысай, Шымшық, Қарақыстан шатқалдарында) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Батыс Тянь-Шаньның басқа аймақтарында, Памир-Алай мен Копетдагта таралған. Сонымен қатар Иран жерінде де кездеседі. Сары топырақты және тасты баурайларда, шөгінді тастарда, шатқалдарда және аласа тау мен тау етегінің (теңіз деңгейінен 1500 м биіктікке дейін) түрлі тау жыныстары қоспасының шығатын жерлерінде өседі. Шағын сирек тоғайлар түзеді. Ең жақсы пысталар Боролдай сайында, мұнда түрдің тығыздығы 1 га жерде 375 өсімдік өседі. Бұл жерде биіктігі 4м, діңінің жуандығы 40 см жекелеген ескі ағаштар кездеседі. Қос үйлі баяу өсетін ағаш. Тіршілік ұзақтығы -400 жылға дейін. Тұқымы арқылы көбейеді. Мал жайылатын жерлерде көшеттері өте сирек кездеседі. Тіршілігінің алғашқы жылында-ақ тамыр жүйесі жақсы дамиды. Екі жылдық көшеттің биіктігі 10-15 см, ал тамыр жүйесінің ұзындығы 1,5-2 м. Пыстаның жемісінің құрамында 70 май мен 23 белок бар, құндылығы жағынан түйежаңғағы мен бадамнан жоғары. Сондықтан табиғаттағы пысталарды қорғау және мәдени өсіру өте маңызды. Қазақстанда түр таралу аймағының солтүстік шекарасында орналасқан, көктемгі аяздардан, малды шектен тыс жаюдан және өрттерден зардап шегеді. Боралдай қорқшасы және Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары орман шаруашылығында қорғалады.

Дереккөздер: «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А.А.Иващенко. Алматы 2006 жыл.

Other Languages
العربية: فستق
azərbaycanca: Əsl püstə
تۆرکجه: اصل پوسته
български: Шамфъстък
català: Pistatxer
Cebuano: Pistatso
Deutsch: Pistazie
ދިވެހިބަސް: ޕިސްތާ ބަދަން
Ελληνικά: Φιστικιά
English: Pistachio
Esperanto: Pistakujo
español: Pistacia vera
euskara: Pistatxondo
فارسی: پسته
français: Pistacia vera
Gaeilge: Piostáis
galego: Pistacho
ગુજરાતી: પિસ્તા
עברית: פיסטוק
हिन्दी: पिस्ता
hrvatski: Prava tršlja
hornjoserbsce: Prawa pistacija
Kreyòl ayisyen: Pistach
Bahasa Indonesia: Pistacio
italiano: Pistacia vera
日本語: ピスタチオ
Qaraqalpaqsha: Piste
ಕನ್ನಡ: ಪಿಸ್ತಾ
한국어: 피스타치오
Kurdî: Fistiq
Lëtzebuergesch: Pistasch
latviešu: Pistācija
മലയാളം: പിസ്താശി
नेपाली: पिस्ता
Nederlands: Pistache
norsk: Pistasj
occitan: Pistacha
پنجابی: پستہ
português: Pistache
română: Fistic
sicilianu: Pistacia vera
Scots: Pistachio
srpskohrvatski / српскохрватски: Pistacija
slovenščina: Pistacija
српски / srpski: Пистаћ
svenska: Pistasch
Tagalog: Pistatso
українська: Фісташка справжня
اردو: پستہ
Tiếng Việt: Hồ trăn
Winaray: Pistacia vera
中文: 开心果
粵語: 開心果