Күш

Күш (лат. fortis) - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі.[1]

Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да қолданылады.

Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатынфизикалық шаманы айтады.[2]

Тең әрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады»,«Көптің күші - бірлікте» деген аталы сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылған. Күш ұғымы ғылымда да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады.
Инерция құбылысын қарастыра отырып, басқа денелермен әрекеттеспейтін дене санақ. денесіне қатысты түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатынына көзімізді жеткіздік. Басқа денелермен әрекеттесу дененің жылдамдығының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қалақшамен ұшып бара жатқан теннис добының қозғалыс бағытын өзгертуге болады . Әткеншекті тербеткенімізде, онда отырған бала онымен бірге қозғала бастайды (69,ә-сурет). Осы келтірілген мысалдар дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне əкелетінін көрсетеді.
Бұл жағдайда денелердің жылдамдығы күш әрекетінен өзгереді деп айту қабылданған. Сонымен, күшденелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әртүрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әртүрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жұмсаймыз. Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардын қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мəні көп те, аз да болуы мүмкін.Күш әрекеті сан мəніне (модуліне) ғана емес, оның бағытына да байланысты болады. Өздерің де ойын үстінде денелерге ( допқа, шайбаға, т.б.) әсер ете отырып, өз ойларыңды жүзеге асыру үшін, Бұл әрекетке белгілі бір бағыт бересіңдер.Сонымен күш сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. Күшті F әрпімен белгілейді.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі. Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді. Оның бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді. Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.
Күштің дененің қандай нүктесіне түсетінінің де мəні зор. Расында да, мұны есікті тұтқасына және топсасына таяу нүктеге күш түсіріп ашқанда байқауға болады.
SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған. 1Н- массасы 1 кг дененің жыл-дамдығын 1 м/с-ка өзгертетін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі- килоньютон (кН) да қолданылады.
Физика сияқты ауқымды ғылым үшін жоғарыда келтірілген күштің анықтамасы оның күрделі мағынасын жеткілікті аша алмайды. Сондықтан Бұл ұғымға жоғары сыныптарда қайтадан оралатын боламыз.[3]

СХОДЯЩАЯСЯ СИСТЕМА СИЛ.GIF
Other Languages
Afrikaans: Krag
Alemannisch: Kraft
አማርኛ: ጉልበት
aragonés: Fuerza
العربية: قوة
অসমীয়া: বল
asturianu: Fuercia
تۆرکجه: گوج
башҡортса: Көс
Boarisch: Kroft
беларуская: Сіла
беларуская (тарашкевіца)‎: Сіла (фізычная велічыня)
български: Сила
বাংলা: বল
bosanski: Sila
буряад: Хүсэн
català: Força
čeština: Síla
Cymraeg: Grym
dansk: Kraft
Deutsch: Kraft
Ελληνικά: Δύναμη
English: Force
Esperanto: Forto
español: Fuerza
eesti: Jõud
euskara: Indar
estremeñu: Huerça
فارسی: نیرو
français: Force (physique)
Nordfriisk: Krääft (füsiik)
Gaeilge: Fórsa
贛語:
Gàidhlig: Neart
galego: Forza
ગુજરાતી: બળ
Gaelg: Forse
客家語/Hak-kâ-ngî: Li̍t
हिन्दी: बल (भौतिकी)
Fiji Hindi: Taagat
hrvatski: Sila
Kreyòl ayisyen: Fòs
magyar: Erő
հայերեն: Ուժ
interlingua: Fortia
Bahasa Indonesia: Gaya (fisika)
Ido: Forco
íslenska: Kraftur
italiano: Forza
日本語: 力 (物理学)
Patois: Fuos
ქართული: ძალა
Qaraqalpaqsha: Ku'sh
Kabɩyɛ: Ɖoŋ
ភាសាខ្មែរ: កម្លាំង
ಕನ್ನಡ: ಬಲ
한국어: 힘 (물리)
kurdî: Hêz
Latina: Vis
Luganda: Force
Limburgs: Krach
lumbaart: Forza
lietuvių: Jėga
latviešu: Spēks
македонски: Сила
മലയാളം: ബലം
монгол: Хүч
मराठी: बल
Bahasa Melayu: Daya (fizik)
မြန်မာဘာသာ: အား
مازِرونی: نیرو
नेपाली: बल
नेपाल भाषा: तिबः
Nederlands: Kracht
norsk nynorsk: Kraft
norsk: Kraft
occitan: Fòrça
ଓଡ଼ିଆ: ବଳ
ਪੰਜਾਬੀ: ਜ਼ੋਰ
polski: Siła
پنجابی: زور
português: Força
Runa Simi: Kallpa
română: Forță
русский: Сила
русиньскый: Сила
संस्कृतम्: परस्परक्रिया
sardu: Fortzas
sicilianu: Forza
srpskohrvatski / српскохрватски: Sila
සිංහල: බලය
Simple English: Force
slovenčina: Sila
slovenščina: Sila
chiShona: Manikidzo
Soomaaliga: Awood
shqip: Forca
српски / srpski: Сила
Basa Sunda: Gaya
svenska: Kraft
Kiswahili: Kani
தமிழ்: விசை
తెలుగు: బలం
ไทย: แรง
Tagalog: Puwersa
Türkçe: Kuvvet
татарча/tatarça: Köç
українська: Сила
اردو: قوت
oʻzbekcha/ўзбекча: Kuch
vèneto: Forsa
Tiếng Việt: Lực
Winaray: Kusog
吴语:
isiXhosa: Ifolokhwe
ייִדיש: קראפט
中文:
Bân-lâm-gú: La̍t
粵語: