Конституционализм

  • Конституционализм - [фр.constitutionalisme, лат. constitutio - заң] - а) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт; ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдык күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстамдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, мемлкеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді; б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылышын- саксондық сася дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесі теңдестіреді. Роман- германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымым болып табылады.


[Дереккөздер]Саяси түсіндірме сөздік

Other Languages