Катапульттеу орынтағы

Катапульттеу орынтағы, катапульттеу креслосы – апат жағдайында ұшу аппараты кабинасынан ұшқышты, ғарышкерді қауіпсіз аймаққа алып шығатын орынтақ (кресло).


Катапульттеу орынтағының жерге түсуі парашют арқылы жүзеге асырылады. Катапульттеу орынтағын катапульттеу пиротехникалық құрылғы көмегімен іске асырылады. Ғарыштық аппараттарда катапульттеу орынтағы парашюттік жүйе, оттегі қоры, скафандрдың желдету құрылғысы, қабылдау-хабарлау радиоаппараттары, азық-түлік қоры, тағы басқамен жабдықталады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Other Languages
العربية: مقعد قذفي
Deutsch: Schleudersitz
English: Ejection seat
עברית: מושב מפלט
Bahasa Indonesia: Kursi lontar
日本語: 射出座席
Bahasa Melayu: Kerusi lenting
Nederlands: Schietstoel
português: Assento ejetor
slovenščina: Katapultni sedež
српски / srpski: Избациво седиште
svenska: Katapultstol
українська: Крісло-катапульта
Tiếng Việt: Ghế phóng
中文: 彈射椅