Калька (фр. calque – көшірме) — өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Тілдің негізді бірліктеріне туынды сөздер, сөз тіркестері және жай сөйлемнің кейбір түрлері жатады. Әрбір шет тілдік негіздегі бірліктерін аударушы тілдің төл тәсілдерімен көшіріп суреттеу ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі қазақ тіліндегі калька негізінен 6 түрлі болады.