Калий хлориді

Үлгі:Chembox Калий хлориді, хлорлы калий, KCl – калий қосылысы, тыңайтқыш. Түйіршіктелген немесе ұнтақ тәрізді, түссіз кристалды зат. Тығыздығы 1,989 г/см3; балқу t 790 °C; қайнау t 1500°С шамасы. Суда ериді, құрамында 60 – 62,6% К2О болады. Табиғатта таза күйінде сильвин, біріккен тұздары сильвинит, карналлит минералдары түрінде кездеседі. Калий хлоридін сильвиниттегі натрий хлоридінен байыту әдісімен бөліп алады. Негізінен ол калий тыңайтқыштарын және күйдіргіш калий, калий тұздарын алуда қолданылады. Ауыл шаруашылық дақылдары егілетін топырақтың барлық түріне негізгі тыңайтқыш және үстеп қоректендіру үшін қолданылады. [1]

  • Сілтемелер

Сілтемелер

  1. Қазақстан Энциклопедиясы


Other Languages
български: Калиев хлорид
bosanski: Kalij-hlorid
Deutsch: Kaliumchlorid
hrvatski: Kalijev klorid
Bahasa Indonesia: Kalium klorida
한국어: 염화 칼륨
Кыргызча: Калий хлориди
lietuvių: Kalio chloridas
latviešu: Kālija hlorīds
മലയാളം: ഇന്തുപ്പ്
Bahasa Melayu: Kalium klorida
Nederlands: Kaliumchloride
русский: Хлорид калия
srpskohrvatski / српскохрватски: Kalijum hlorid
Simple English: Potassium chloride
slovenčina: Chlorid draselný
српски / srpski: Калијум хлорид
svenska: Kaliumklorid
українська: Хлорид калію
Tiếng Việt: Kali clorua
吴语: 氯化钾
中文: 氯化钾
粵語: 氯化鉀