Италия әкімшілік бөлінісі

Regions of Italy.png

Италия Конституциясына сай, 1947 жылдың 11 желтоқсанынан Италия мемлекеті 20 облысқа (аумақ) бөлінеді. Оның ішіндегі 5 облысы өзінің ерекше автономды статусына ие, сонымен қатар, италиян тілінен бөлек, басқада ресми тілдер бар. Олардың тізімі:

1. Абруццо
2. Валле-д’Аоста (француз тілі)
3. Апулия
4. Базиликата
5. Калабрия
6. Кампания
7. Эмилия-Романья
8. Фриули-Венеция-Джулия (фриульдік тіл, неміс тілі, словен тілі)
9. Лацио
10. Лигурия
11. Ломбардия
12. Марке
13. Молизе
14. Пьемонт
15. Сардиния (сардин тілі)
16. Сицилия (сицилий тілі)
17. Трентино — Альто-Адидже (неміс тілі, ладин тілі)
18. Тоскана
19. Умбрия
20. Венето

Тізімдегі нөмірлер картадағы нөмірлерге сәйкес.

Аумақтарда өздерінің парламенты бар, олар аумақтық әкімшілік болып табылады, оларды джунтер (giunti) деп атайды. Олар жергілікті өзіндік басқармаға қарасты сұрақтарды шешуге өкілдік етеді. Валле-д’Аостадан басқа аумақтардың бәрі Италия Провнициясына бөлінеді. Провинциялар өзара қауымдарға бөлінеді, ал қауымдарды аумақтық бөліктермен ажыратылады. Қауымдар жер көлемі бойынша әртүрлі болып келеді, Италиядағы жер көлемі мен тұрғыны бойынша, ең үлкен қауым - Рим (1285 км,2,76 млн адам) болып есептеледі, ал жер көлемі бойынша ең кішісі - Фьера-ди-Примьеро (0,15 км), тұрғыны бойыынша ең кішісі - Педезина (34 адам).


ОблысАстанасыТұрғыныЖер аумағы (км²)Тығыздығы (чел./км²)ПровинциясыҚауым саны
ЛомбардияМилан9 742 67623 861378,5Бергамо, Брешия, Комо, Кремона, Лекко, Лоди, Мантуя, Милан, Монца және Брианца, Павия, Сондрио, Варезе.1544
КампанияНеаполь5 813 54213 592419,5Авеллино, Беневенто, Казерта, Неаполь, Салерно.551
ЛациоРим5 626 71017 210297,1Фрозиноне, Латина, Риети, Рим, Витербо.378
СицилияПалермо5 029 68325 701193,3Агридженто, Кальтаниссетта, Катания, Энна, Мессина, Палермо, Рагуза, Сиракуза, Трапани.390
ВенетоВенеция4 885 54818 390246,2Беллуно, Падуя, Ровиго, Тревизо, Венеция, Верона, Виченца.581
ПьемонтТурин4 424 80025 398165,9Алессандрия, Асти, Бьелла, Кунео, Новара, Турин, Вербано-Кузьо-Оссола, Верчелли.1206
АпулияБари4 079 70219 364207,6Бари, Барлетта-Андрия-Трани*, Бриндизи, Лечче, Фоджа, Таранто.258
Эмилия-РоманьяБолонья4 293 82522 122180,1Болонья, Феррара, Форли-Чезена, Модена, Парма, Пьяченца, Равенна, Реджо-Эмилия, Римини.348
ТосканаФлоренция3 686 37722 990152,1Ареццо, Флоренция, Гроссето, Ливорно, Лукка, Масса-Каррара, Пиза, Пистойя, Прато, Сиена.287
КалабрияКатандзаро2 009 12415 083133,4Катандзаро, Козенца, Кротоне, Реджо-Калабрия, Вибо-Валентия.409
СардинияКальяри1 671 00124 09067,7Кальяри, Карбония-Иглезиас, Медио-Кампидано, Нуоро, Ольястра, Ольбия-Темпио, Ористано, Сассари.377
ЛигурияГенуя1 614 9245421289,9Генуя, Империя, Специя, Савона.235
МаркеАнкона1 569 5789695151,7Анкона, Асколи-Пичено, Фермо*, Мачерата, Пезаро-э-Урбино.239
АбруццоЛ’Аквила1 334 67510 793117,0Кьети, Аквила, Пескара, Терамо.305
Фриули-Венеция-ДжулияТриест1 230 9367712151,2Гориция, Порденоне, Триест, Удине.218
Трентино-Альто-АдиджеТренто и Больцано/Боцен1 007 26713 59969,1Больцано/Боцен, Тренто.333
УмбрияПеруджа893 075845497,7Перуджа, Терни.92
БазиликатаПотенца590 601999259,8Матера, Потенца.131
МолизеКампобассо320 838443872,2Кампобассо, Изерния.136
Валле-д’АостаАоста/Аост126 660326636,6-74
Бүкіл Италиядағы56 977 736301 171189,28092
  • Тарихи әкімшілік бірліктер

Тарихи әкімшілік бірліктер

  • Пола (провинция)
Other Languages