Жұту

Жұту (сұйықты жұту) (пиноцитоз) (гр. pinocytosis pinos — ішу, жұту, сіміру; kytos - жасуша) - жасушаның өзіне керекті заттарды: молекулалы ерітінділер (липопротеид, иммунды кешен, гормондар және т.б.) және сұйық ерітінді (коллоид түріндегі ерітінділер, суспензия) түрінде сіміру процесі. Ерітіндідегі cұйық заттардың плазмолемма арқылы жасуша цитоплазмасына өтуі екі түрлі жолмен жүреді: макропиноцитоз (ірі көпіршіктер) және микропиноцитоз (ұсақ көпіршіктер).

Жүту кезінде жасуша цитоплазмаға қарай иіле еніп, жұтылатын затпен бірге көпіршіктерге айналады да, жарғақшалармен қапталған мөлшері әртүрлі көпіршіктер плазмолеммадан біртіндеп ажырап, цитоплазманың ішіне қарай ығыса жылжиды. Оларды жасуша ішіндегі эндоцитозды көпіршіктер деп атайды. Микропиноцитоз кезінде жасуша плазмолеммасы жасуша цитоплазмасына қарай майыса еніп, цитоплазма ішіндегі тым ұсақ көпіршікшелерге айналады. Эндоцитозды көпіршікшелер бір-бірімен қосылып, ірі көпіршіктерді түзуі мүмкін. Көпіршіктер қуысындағы сұйық ерітінділер лизосомалардың ас қорыту ферменттерінің әсерінен ыдырап қорытылады да, жасуша ішіндегі ас қорыту процесі іс жүзіне асады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9


Other Languages
العربية: شرب خلوي
български: Пиноцитоза
bosanski: Pinocitoza
català: Pinocitosi
čeština: Pinocytóza
dansk: Pinocytose
English: Pinocytosis
español: Pinocitosis
euskara: Pinozitosi
français: Pinocytose
galego: Pinocitose
Bahasa Indonesia: Pinositosis
italiano: Pinocitosi
日本語: 飲作用
Basa Jawa: Pinositosis
монгол: Пиноцитоз
Nederlands: Pinocytose
norsk: Pinocytose
polski: Pinocytoza
português: Pinocitose
română: Pinocitoză
русский: Пиноцитоз
srpskohrvatski / српскохрватски: Pinocitoza
slovenčina: Pinocytóza
српски / srpski: Пиноцитоза
svenska: Pinocytos
Türkçe: Pinositoz
українська: Піноцитоз
中文: 胞饮作用