Жұпарбас

Жұпарбас
кәдімгі жұпарбас
кәдімгі жұпарбас
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Aveneae
Тегі: Anthoxanthum
Карл Линней
Үлгілік түрі
Anthoxanthum odoratum
Карл Линней
түрлері

17 түрі белгілі

Жұпарбас ( лат. Anthoxanthum) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Африкада кездесетін 20-ға жуық түрі белгілі.


Қазақстанда Жетісу ( Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында, Алтай және Тарбағатай тауларында өсетін 2 түрі бар: кәдімгі Жұпарбас (A. odoratum) – биіктігі 10 – 50 см және альпілік Жұпарбас (A. alpіnum) – биіктігі 7 – 30 см. Бұлардың сабақтары жіңішке, жылтыр. Ұзын жапырақтарының сыртын жұмсақ түк басқан. Сары, жасыл гүлдері бір-бірімен қабысып өседі. Гүлдеген кезде жан-жағына жайылып, масақ гүлшоғырын құрайды. Масағында жеміс беретін бір ғана гүлі болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дәнек. Жұпарбастың құрамында кумарин болғандықтан, айналасына жағымды иіс таратады. Құнарлы мал азығы. Жұпарбастың суға тұндырылған тұнбасы тыныс тарылғанда, өкпе туберкулезіне қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. [1]

  • Дереккөздер
Other Languages
العربية: عشب الربيع
башҡортса: Өркә
català: Anthoxanthum
Cebuano: Anthoxanthum
čeština: Tomka
dansk: Gulaks
Deutsch: Ruchgräser
English: Anthoxanthum
Esperanto: Anthoxanthum
español: Anthoxanthum
suomi: Simakkeet
français: Anthoxanthum
hrvatski: Mirisavka
hornjoserbsce: Wonjanka
Հայերեն: Խմրախոտ
lietuvių: Gardūnytė
Nederlands: Reukgras
português: Anthoxanthum
Simple English: Anthoxanthum
Türkçe: Anthoxanthum
Tiếng Việt: Anthoxanthum
Winaray: Anthoxanthum
中文: 黄花茅属