Жұмсақденелілер

Жұмсақденелілер
Moluscos de Venezuela 2013 000.JPG
West end shellfish.jpg
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Mollusca
Linnaeus, 1758
түрлері

85,000 түрі белгілі

Жұмсақденелілер , былқылдақденелілер немесе моллюскалар (лат. Mollusca, латын molluscus – жұмсақ) – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы Моллюскалардің тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған. Тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі қапшық деп атайды. Онда ішкі мүшелері орналасады. Денесінің сырты кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек Моллюскаларға тән мантия (тері қатпаршағы) жауып тұрады. Мантия мен денесінің аралығындағы мантия қуысында желбезектері (тыныс алу органдары), кейбір сезім мүшелері орналасады, онда жыныс және зәр шығару органдарының сыртқы тесіктері, аналь тесіктері ашылады. Мантияның сыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы (органик. заттан), ортаңғы (қалың ізбестен), және ішкі (жұқа, жылтыр) қабаттардан тұрады. Моллюскалардың тіршілік етуіне және атқаратын қызметіне қарай аяғының құрылысы да әр түрлі. Қозғалмай тіршілік ететіндерде (мыс., устрица), кейбір паразит бауыраяқтыларда аяқ мүлдем болмайды. Моллюскалардың басқа омырт-қасыздардан ерекшелігі – ас қорыту жүйесіндегі жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат радуланың (үккіштің) болуы. Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Тыныс алу жүйесі алғы желбезектер (ктенидия), бірақ кейбір түрінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты – өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесі, көбінесе қос бүйректен тұрады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Төм. сатыдағы Моллюскалардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады. Ал жоғары сатыдағыларда жүйке клеткалары шоғырланып, дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларын) құрайды. Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, араларында гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Басаяқтылардың, бауыраяқтылардың көпшілік түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады. Даму жұмыртқалары спиральді бөлшектеніп, детерминативті жолымен жүреді. Төм. сатыдағыларында жұмыртқасынан трохофора дернәсілі, ал көпшілігінде трохофоралық дернәсіл-велигер (желкен) шығады. Моллюскалар балық, құс, сүтқоректілердің қорегі болып саналады. Кейбір Моллюскалар адам мен мал гельминтоздарын тудыратын паразиттер, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері.[1]

Классификациясы

Other Languages
Afrikaans: Weekdiere
Alemannisch: Weichtiere
አማርኛ: ዛጎል ለበስ
aragonés: Mollusca
العربية: رخويات
asturianu: Mollusca
azərbaycanca: Molyusklar
تۆرکجه: مولیوسکلار
башҡортса: Моллюскылар
беларуская: Малюскі
беларуская (тарашкевіца)‎: Малюскі
български: Мекотели
বাংলা: মলাস্কা
brezhoneg: Blotvil
bosanski: Mehkušci
català: Mol·luscs
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Niōng-tā̤ dông-ŭk
Cebuano: Kinhason
čeština: Měkkýši
Cymraeg: Molwsg
dansk: Bløddyr
Deutsch: Weichtiere
Ελληνικά: Μαλάκια
English: Mollusca
Esperanto: Moluskoj
español: Mollusca
eesti: Limused
euskara: Molusku
فارسی: نرم‌تنان
føroyskt: Lindýr
français: Mollusca
Nordfriisk: Wokdiarten
Gaeilge: Moileasc
galego: Moluscos
Avañe'ẽ: Syrymbe
עברית: רכיכות
हिन्दी: मोलस्का
hrvatski: Mekušci
hornjoserbsce: Mjechkuše
magyar: Puhatestűek
interlingua: Mollusca
Bahasa Indonesia: Moluska
Ido: Molusko
íslenska: Lindýr
italiano: Mollusca
日本語: 軟体動物
Basa Jawa: Moluska
ქართული: მოლუსკები
한국어: 연체동물
Кыргызча: Моллюскалар
Latina: Mollusca
Lëtzebuergesch: Weechdéieren
Lingua Franca Nova: Molusco
Limburgs: Weikdere
lietuvių: Moliuskai
latviešu: Gliemji
македонски: Мекотели
മലയാളം: മൊളസ്ക
Bahasa Melayu: Moluska
Napulitano: Mollusca
Plattdüütsch: Weekdeerter
Nederlands: Weekdieren
norsk nynorsk: Blautdyr
norsk: Bløtdyr
occitan: Mollusca
ଓଡ଼ିଆ: ସନ୍ଧିପଦ
ਪੰਜਾਬੀ: ਮੋਲਸਕਾ
polski: Mięczaki
پنجابی: مولسکا
português: Moluscos
Runa Simi: Llamp'uka
română: Moluscă
tarandíne: Mollusca
русский: Моллюски
Kinyarwanda: Ikinyamushongo
Scots: Mollusca
srpskohrvatski / српскохрватски: Mekušci
Simple English: Mollusc
slovenčina: Mäkkýše
slovenščina: Mehkužci
српски / srpski: Мекушци
svenska: Blötdjur
Kiswahili: Moluska
తెలుగు: మొలస్కా
tetun: Molusku
Tagalog: Mollusca
Türkçe: Yumuşakçalar
українська: Молюски
oʻzbekcha/ўзбекча: Mollyuskalar
vèneto: Mołusco
West-Vlams: Molluuskn
Winaray: Mollusca
ייִדיש: מאלוסקן
中文: 软体动物
Bân-lâm-gú: Nńg-thé tōng-bu̍t
粵語: 軟體動物