Жүктілік

Жүкті әйел

Жүктілік (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа жасушасы бөлінген кезде түзілетін жасуша бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр жасушаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.

Даму сатысы

Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады.

Prenatal development table.svg

Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.

22 апта толған жүктілікте көрінетін сызық

Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз – сұйық зат бөлінеді. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері артады. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта). Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы қажет.[1][2][3]

Other Languages
Afrikaans: Swangerskap
Akan: Nyinsɛn
Alemannisch: Schwangerschaft
aragonés: Emprenyatura
العربية: حمل
مصرى: حمل
অসমীয়া: গৰ্ভধাৰণ
asturianu: Embaranzu
azərbaycanca: Hamiləlik
تۆرکجه: حامیله‌لیک
беларуская (тарашкевіца)‎: Цяжарнасьць чалавека
Bahasa Banjar: Tian
বাংলা: গর্ভধারণ
བོད་ཡིག: མངལ་སྦུམ་པ།
brezhoneg: Dougerez
bosanski: Trudnoća
буряад: Жэрмэһэн
català: Embaràs
کوردی: دووگیانی
čeština: Těhotenství
Cymraeg: Beichiogrwydd
dansk: Graviditet
Ελληνικά: Εγκυμοσύνη
emiliàn e rumagnòl: Grevdànsa
English: Pregnancy
Esperanto: Gravedeco
español: Embarazo humano
eesti: Rasedus
euskara: Haurdunaldi
فارسی: بارداری
suomi: Raskaus
français: Grossesse
Gaeilge: Toircheas
Gàidhlig: Leatrom
galego: Embarazo
Avañe'ẽ: Tyeguasu
गोंयची कोंकणी / Gõychi Konknni: Gurvachar vo Gorbhest‌ponn
ગુજરાતી: ગર્ભાવસ્થા
עברית: היריון
हिन्दी: गर्भावस्था
Fiji Hindi: Peet me baby
hrvatski: Trudnoća
Kreyòl ayisyen: Grosès
magyar: Terhesség
interlingua: Pregnantia
Bahasa Indonesia: Kehamilan
Igbo: Afọ ime
Ilokano: Panagsikog
íslenska: Meðganga
italiano: Gravidanza
日本語: 妊娠
Patois: Pregnansi
Basa Jawa: Mbobot
ქართული: ორსულობა
한국어: 임신
kurdî: Avisî
Кыргызча: Кош бойлуулук
Latina: Graviditas
Lëtzebuergesch: Schwangerschaft
Limburgs: Zwangersjap
lingála: Zémi
لۊری شومالی: آندومتر
lietuvių: Nėštumas
latviešu: Grūtniecība
македонски: Бременост
മലയാളം: ഗർഭം
монгол: Жирэмслэлт
Bahasa Melayu: Kehamilan
Dorerin Naoero: Ejeng
नेपाली: गर्भावस्था
Nederlands: Zwangerschap
norsk nynorsk: Svangerskap
Chi-Chewa: Pakati
occitan: Prensa
ਪੰਜਾਬੀ: ਗਰਭ ਅਵਸਥਾ
Kapampangan: Pangabuktut
پنجابی: پریگنینسی
português: Gravidez
Runa Simi: Wiksayay
русиньскый: Тяж
sicilianu: Prinizza
Scots: Pregnancy
srpskohrvatski / српскохрватски: Trudnoća
Simple English: Pregnancy
slovenčina: Gravidita
slovenščina: Nosečnost
chiShona: Nhumbu
Soomaaliga: Uurka
shqip: Shtatzania
српски / srpski: Трудноћа
SiSwati: Kukhulelwa
Sesotho: Boimana
svenska: Graviditet
Kiswahili: Ujauzito
తెలుగు: గర్భం
Tagalog: Pagdadalantao
Türkçe: Gebelik
татарча/tatarça: Йөклелек
українська: Вагітність
اردو: حمل (طب)
oʻzbekcha/ўзбекча: Homiladorlik
vèneto: Graviansa
Tiếng Việt: Thai nghén
walon: Poirteure
Winaray: Pagbuburod
吴语: 担桑身
მარგალური: უხენობა
中文: 妊娠
Bân-lâm-gú: Ū-sin
粵語: 娠紀