Жыл құсы

Жыл құсы

Елімізде 2006 жылдан бастап құстың белгілі түрі «Жыл құсы» аталып келеді.Оны Қазақстандағы Биологиялық Алуантүрлілікті Сақтау Қауымдастығы (ҚБАСҚ) мен Қазақстанның орнитолог ғалымдары ұсынып жүр. Мәселен, осындай ұсыныстар негізінде 2006 жыл- тарғақ,2007 жылы- қыстау қарлығашы,2008 жыл-тырна,2009 жыл-бозторғай, 2010 жыл- кәдімгі қараторғай,2011 жыл- үлкен сарышымшық,ал 2012 жыл- дала қыраны,2013 жыл- шиқылдық қаз,2014 жыл-ақбас үйрек «Жыл құсы» деп танылды. Ақбас үйрек- қазтектестер отрядының үйректер тұқымдасы, ақбас үйректер туысның әлемдегі 5 түрінің Орталық Азия тобының өкілі. Ол ғаламдық деңгейде жойылып кетуі қаупі төнген түр ретінде Халықаралық АТбиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Қараторғай-түсі қара, орманды,бақты,жазық даланы мекендейтін торғай. Тырна-мойын ұзын,сирағы сидаған ірі жыл құсы.

Other Languages