Жону білдегі

HwacheonCentreLathe 460x1000.jpg

Жону білдегі - жаңқаны алып тастау арқылы пішіндері айналмалы бұйымдарды өңдеуге арналған білдек. Дайындама жону білдегінің айналдырығынан жетекті, жұдырықшалы, гидравликалық немесе пневматикалық қысқы арқылы айналмалы қозғалыс жасайды; айналдырық айналмалы қозғалысты бас қозғалыс механизімінен (әдетте жылдамдықтар қорабынан), кескіш құралкүймешектің жылжымасымен бірге жүрістік білігінен (жонғанда) немесе жону білдектің беріс механизмінен айналмалы қозғалыс алатын жүрістік бұрамадан (бұранданы қиғанда) ауысу қозғалысын жасайды. Жону білдегінде цилиндірлік, конустық және үлгілі беттерді жону және кеулейжону, сыртқы және ішкі бұрандаларды қию, шетжақтарды тіліктеу және қыру, тесіктерді бұрғылау, үңгілеу, ұңғылау, бұранда ойғышпен және бұрандакескішпен бұрандаларды қию, сонымен қатар бұрлеу, ысқылау т.б. жұмыстар орындалады. Жону білдегі металкескіш білдектердің ішінде ең кең тараған түрі. Өндірістің сипатына (жаппай, сериялы, жеке) және өнімділігіне байланысты жону білдегінің әртүрі қолданылады: центрлейтін, жону-реворверлі, көпкескішті, бірайналдырықты және көпайналдырықты автоматтар мен жартылай автоматтар, айналмалы (қысқа және ауыр бұйымдарды, локомотивтер мен вагондардың қос дөңгелектерін т.б. өңдейтін дөңгелекжону білдектері).

[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Other Languages
Afrikaans: Draaibank
العربية: مخرطة
asturianu: Tornu
تۆرکجه: تورنا
беларуская: Такарны станок
български: Струг
বাংলা: লেদ মেশিন
brezhoneg: Turgn
català: Torn
čeština: Soustruh
dansk: Drejebænk
Deutsch: Drehmaschine
Ελληνικά: Τόρνος
English: Lathe
Esperanto: Tornomaŝino
español: Torno
eesti: Treipink
euskara: Tornu
suomi: Sorvi
Gaeilge: Deil
עברית: מחרטה
हिन्दी: लेथ मशीन
Bahasa Indonesia: Mesin bubut
italiano: Tornio
日本語: 旋盤
한국어: 선반
മലയാളം: ലേത്ത്
मराठी: लेथ
Nederlands: Draaibank
norsk: Dreiebenk
polski: Tokarka
português: Torno mecânico
Simple English: Lathe
slovenčina: Sústruh
slovenščina: Stružnica
српски / srpski: Струг
svenska: Svarv
Tagalog: Lalik
Türkçe: Torna tezgâhı
vèneto: Tornio
中文: 車床
粵語: 車床