Желбезекаяқты шаянтәрізділер

Желбезекаяқтылар
Қазбалық ауқымы: Upper Cambrian–Recent
Triops, (Notostraca: Triopsidae)
Triops, (Notostraca: Triopsidae)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Буынаяқтылар
Кіші жамағаты:Шаянтәрізділер
Табы:Branchiopoda
Latreille, 1817
Orders
Желбезекаяқты шаянтәрізділер
Желбезекаяқты шаянтәрізділер

Желбезекаяқты шаянтәрізділер (лат. Branchiopoda) – буынаяқтылар типі шаянтәрізділер класының ең қарапайым класс тармағы.


Кембрий кезеңінен белгілі. Жер шарында кең тараған желбезекаяқты шаянтәрізділердің 2 отряды, 740-қа жуық түрі белгілі. Дене бунақтарының саны тұрақсыз, фасеттік және науплиус көздері болады.

Желбезекаяқтылар отряды (лат. Аnostraca) – дене тұрқы 2 см-ден аспайды. Кеудесі 11, кейде 17 – 19 бунақтан тұрады, оның әрқайсысында бір жұп жапырақ тәрізді аяқтары болады. Құрсағы 8 бунақты, жақсы жетілген айыршамен аяқталады, аяқтары болмайды. Бұлар тұщы суларда, тек артемия (Аrtemіa salіna) – тұзды суқоймаларында, ащы көлдерде мекендейді. Бір клеткалы балдырлармен, детритпен қоректенеді. Бұлардың 2 түрлі: жазғы және қысқы жұмыртқалары болады. Жазғы жұмыртқалары ұрықтанбай партеногенез жолымен дамиды. Күзде аталық дарабастар пайда болып, аналық дарабастарын ұрықтандырады. Осы ұрықтанғаны — қыстық жұмыртқа. Олардың сыртын қатты хитин қабаты жауып жатады. Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді және желмен алысқа таралады. Бұлардың практикалық маңызы өте зор. Артемияның қыстық жұмыртқаларының дернәсілі — науплиусты балық ш-нда балық шабақтарын қоректендіру үшін пайдаланылады. Желбезекаяқты шаянтәрізділер партеногенетикалық (бір ғана ұрықтанбаған жұмыртқадан дамуы) және қос жынысты жолдармен дамиды. Жұмыртқалары ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді және желмен алысқа таралады. Желбезекаяқтылардың 180 түрі белгілі, оның 8 түрі Қазақстанда кездеседі.[1]

Басы Кеудесімен тұтас бірікпеген, фасеткалы көздері бар. Жапырақ тәрізді алдыңғы аяқтарымен тыныстайды, жүзеді және қоректік жануарларын аулайды. Құрсағы аяқсыз істік тәрізді. 740-тай түрі белгілі. Тұщы суларда мекендейді. Толық өзгеріспен дамиды, (личинканауплиус, метанауплиус). 2 отряды бар: желбезекаяқтылар және жапырақаяқтылар. Жапырақаяқтылар денесі ұзыншақ, ұзындығы 5 мм ден 3 см, (кейде 10 см) дейін. Кеуде буынтақтарында, (11, кейде 17-19) бір-бір жұп аяқтары болады. 180-дей түрі кең таралған және тұщы суларды мекендейді. Тек артемия ғана жайылма және тұзды суларда таралған. Балдырлармен қоректенеді. Жұмрытқаларын арнайы жұмыртқа қапшығына салып, соңынан суға жібереді. Су түбінде дамиды. Су кепкенде олардың тұқымдары тіршілігін сақтай алады.[2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы,3 том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3


Other Languages
asturianu: Branchiopoda
azərbaycanca: Ayaqqəlsəməlilər
беларуская: Жабраногія
català: Branquiòpode
Cebuano: Branchiopoda
čeština: Lupenonožci
English: Branchiopoda
Esperanto: Brankiopodoj
español: Branchiopoda
euskara: Branchiopoda
français: Branchiopodes
Gaeilge: Branchiopoda
हिन्दी: क्लोमपाद
interlingua: Branchiopoda
Bahasa Indonesia: Branchiopoda
italiano: Branchiopoda
日本語: 鰓脚綱
Basa Jawa: Branchiopoda
한국어: 새각류
Limburgs: Kiewpuuetige
lietuvių: Žiaunakojai
latviešu: Žaunkājvēži
македонски: Жаброноги
Bahasa Melayu: Brankiopoda
Nederlands: Branchiopoda
norsk nynorsk: Bladfotkreps
polski: Skrzelonogi
português: Branchiopoda
română: Branhiopode
русский: Жаброногие
Simple English: Branchiopoda
slovenčina: Lupeňonôžky
slovenščina: Branchiopoda
svenska: Bladfotingar
українська: Зяброногі раки
Tiếng Việt: Lớp Chân mang
Winaray: Branchiopoda
中文: 鰓足綱