Жаңғақ

Жаңғақ
Жаңғақ
Жаңғақ
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Core eudicots
Сабы:Fagales
Тұқымдасы:Juglandaceae
Кіші тұқымдасы:Juglandoideae
Тайпасы:Juglandeae
Кіші тайпасы:Juglandinae
Тегі:Juglans
Карл Линней
түрлері

21 түрі белгілі

Жаңғақ (лат. Juglans) – жаңғақтар тұқымдасына жататын қос жарнақты көп жылдық ағаш.


Дүние жүзінде 20 (кейбір мәліметтер бойынша 40-қа жуық) түрі бар. Қазақстанда екі түрі кездеседі: грек жаңғағы және қара жаңғақ . Жабайы түрлері Орталық Азияда, Қытайда, Жапонияда кездеседі. Ағаштары өте биік (20 — 30 м), діңінің жуандығы 1,5 — 2 м. Ағашбөркі қалың, аумақты, жапырақтары ірі (5 — 11 жапырақшалардан тұрады, ұзындығы 20 — 40 см), хош иісті. Гүлі дара жынысты, бір үйлі. Аталық гүлдері салбыраған сырға тәрізді, аналық гүлдері жеке-жеке не бірнеше гүлден өркеннің ұшында орналасқан. Грек жаңғағы жемісінің жеуге жарамды бөлігі — дәні. Қатты жеміс қабы (қауызы) мен қалың жарғақ ұяшығы (қабығы) жеуге жарамсыз. Грек жаңғағы ағашының аталық және аналық гүлдері әр мезгілде гүлдейді (7 — 12 күннен кейін), жел арқылы тозаңданады. Жылу және жарық сүйгіш, қуаңшылыққа өте төзімді дақыл. Суыққа төзімсіз мүшелері — аталық генеративті бүршіктері, сондай-ақ, бір-екі және көп жылдық өркендері. Грек жаңғағын дәнімен және вегетативтік жолмен көбейтеді. Бір га-ға 2 т тұқым 7 — 8 см тереңдікте егіледі. Дәннен өсірілген көшеттер 10 — 15 жылда, ал ұластыру арқылы алынған екпе көшеттер 4 — 6 жылда өнім береді. 150 — 200 жылға дейін өнім бере алады. 400 жылдай өседі. Бір ағаштан жылына 65 — 100, кейде 200 — 300 кг жеміс алынады. Жемісінің салмағы 3 — 23 г, көбінесе, жұмыртқа не шар тәрізді болады. Дәнінің жеміс салмағындағы үлесі 30 — 75%. Дәнінің құрамында 55 — 77% май, 18 — 21% ақуыз, 5 — 6% көмірсу, В1 витамині, А провитамині бар. Піскен дәндерінде 30 — 85 мг, ал толығымен піспеген дәндерінде 1500 — 2000 мг, кейде 3000 мг-ға дейін С витамині болады. Грек жаңғағы ағашының сүрегі жиһаз дайындауда, жапырағы, дәнінің қабығы медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Дәні тағам ретінде пайдаланылады, ал жемісінен Жаңғақ майы алынады. Грек жаңғағының сұрыптары жеміс салуы, өркендерінің өсу қабілеті, жемістерінің салмағы, пішіні, гүлдеу уақыты, сондай-ақ, қабықтарының қаттылығы жағынан 7 топқа бөлінеді: ірі жемісті — өндірістік маңызы жоқ, себебі, дәні жетілмегендіктен нашар өнеді; жұқа қабықты — қабықтары жұқа, дәндері майлы, бірақ өнімі аз; салбыраған сырға тәрізді — өнімі мол; бадам тәрізді; кеш гүлдейтін; қатты қабықты — дәні қабығынан өте нашар ажыратылады; шырышты (бумажный, троновой). Соңғы топқа жататын сұрыптар шырышты сүректерімен бағаланады, олар жылтыр, әдемі келеді. Олардан құнды көркем бұйымдар мен жиһаздар жасалады.[1]

Суреттер жинағы

Noyer centenaire en automne.JPG

Жалпы түрі

Walnuss-rinde.jpg

Қабығы

Walnuss-knospe.jpg

Бүршіктері

Walnussbluete-001.jpg

Аталық гүл

Juglans flower female 20050526 064 part.jpg

Аналық гүл

Juglans regia orzech wloski 2008.JPG

Піспеген жеміс

Juglans regia Walnoot 'Buccaneer'.jpg

Піскен жеміс

Other Languages
العربية: جوز (جنس)
azərbaycanca: Qoz
беларуская: Арэх
беларуская (тарашкевіца)‎: Арэх
български: Орех
བོད་ཡིག: སྟར་ཤིང་།
bosanski: Orah
català: Noguer
Cebuano: Juglans
کوردی: گوێز
čeština: Ořešák
Deutsch: Walnüsse
Zazaki: Goz
dolnoserbski: Wórješyna
ދިވެހިބަސް: ސިކުނޑި ބަދަން
Ελληνικά: Καρυδιά (φυτό)
English: Juglans
Esperanto: Juglando (genro)
español: Juglans
eesti: Pähklipuu
euskara: Intxaurrondo
فارسی: درخت گردو
français: Noyer
galego: Nogueira
hrvatski: Orah
hornjoserbsce: Włóska worješina
magyar: Dió
հայերեն: Ընկուզենի
Bahasa Indonesia: Juglans
italiano: Juglans
日本語: クルミ
한국어: 호두나무속
kurdî: Gûz
Кыргызча: Жаңгактар
Latina: Juglans
лакку: Гьивхь
lietuvių: Riešutmedis
latviešu: Riekstkoki
македонски: Орев
മലയാളം: അക്രോട്ട്
Bahasa Melayu: Walnut
مازِرونی: اقوز
Nederlands: Juglans
ਪੰਜਾਬੀ: ਅਖਰੋਟ (ਰੁੱਖ)
português: Juglans
Runa Simi: Tuqti
русский: Орех (род)
srpskohrvatski / српскохрватски: Orah
Simple English: Walnut
slovenčina: Orech (rod)
shqip: Arra
српски / srpski: Орах
தமிழ்: அக்ரூட்
Türkçe: Ceviz
українська: Горіх (рід)
Tiếng Việt: Chi Óc chó
Winaray: Juglans
吴语: 蒲桃
中文: 胡桃
粵語: 合桃