Жатыр

Uterus Distortion1.svg

Жатыр (uterus) — адамның және жануарлардың ұрық дамитын аналық жыныс мүшесі. Адам Жатыры кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр денесі алға қарай иіліп, жатыр мойнымен доғал бұрыш жасайды. Оның сырт пішіні алмұрт тәрізді. ұзындығы 8 см, салмағы 40 — 50 г. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады. Жатыр денесі: сыртқы — сір, ортаңғы — бұлшық етті, ішкі — шырышты қабаттардан, ал Жатыр мойны қынаптан және мойын өзегінен тұрады. Жатырдың сір қабығы іш перденің бір бөлігі, Жатырдың алдыңғы және артқы жағын жауып жатады; бұлшық етті қабатының әйел босанған кезде маңызы зор, оның жиырылу қасиетінің салдарынан нәресте босану жолдарынан тез өтеді; Жатырдың шырышты қабатында етеккір айналымының барлық циклдік өзгерістері өтеді. Шырышты қабатқа енген ұрық, тоғыз ай бойы ана организмінен тиісті қоректік заттарды плацента арқылы алып, өсіп жетіледі (қ. Жыныс мүшелері). Жатыр кейбір құрттар, буынаяқтылар, моллюскілерде және омыртқалы жануарлардың көпшілігінде — шеміршекті балықтар (акула) мен кейбір сүйекті балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, барлық сүтқоректілерде болады. Тірі туатын жануарлар Жатырында газ алмасу процесі жүреді және ұрық аналық организмнен қоректеніп дамиды. Омыртқасыз жануарлардың Жатыры деп әр түрлі гомологтық органдарын атайды. Мысалы, трематодтарда, таспа құрттарда — ішінде жұмыртқасы бар ұзынша канал тәрізді Жатыр, тікенбас құртта — қоңырау тәрізді Жатыр болады. Жатырдың сүтқоректі жануарларда қос Жатыр (клоакалыларда), дара Жатыр (қалталыларда), екі бөлек екі Жатыр (көптеген жыртқыштарда, жәндік қоректілер, кит тәрізділер, тұяқты жануарларда), ал дара қарапайым Жатыр (қолқанаттыларда, приматтарда) болады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы


Other Languages
aragonés: Utero
العربية: رحم
ܐܪܡܝܐ: ܡܪܒܥܐ
asturianu: Úteru
azərbaycanca: Uşaqlıq (anatomiya)
беларуская: Матка жанчыны
беларуская (тарашкевіца)‎: Маціца
български: Матка
বাংলা: জরায়ু
bosanski: Materica
català: Úter
کوردی: مناڵدان
čeština: Děloha
Cymraeg: Croth
dansk: Livmoder
Deutsch: Gebärmutter
ދިވެހިބަސް: ރަހިމު
Ελληνικά: Μήτρα
English: Uterus
Esperanto: Utero
español: Útero
eesti: Emakas
euskara: Umetoki
فارسی: رحم
suomi: Kohtu
français: Utérus
Frysk: Liifmoer
Gàidhlig: Machlag
galego: Útero
Avañe'ẽ: Membyryru
עברית: רחם
हिन्दी: गर्भाशय
hrvatski: Maternica
Հայերեն: Կնոջ արգանդ
Bahasa Indonesia: Rahim
Ido: Utero
italiano: Utero
日本語: 子宮
Basa Jawa: Rahim
Kabɩyɛ: Pɩɣa nʋmʋʋ
한국어: 자궁
kurdî: Malzarok
Кыргызча: Жатын
Latina: Uterus
lingála: Ebóteli
lietuvių: Gimda
latviešu: Dzemde
മലയാളം: ഗർഭപാത്രം
मराठी: गर्भाशय
Bahasa Melayu: Rahim
မြန်မာဘာသာ: သားအိမ်
नेपाली: पाठेघर
नेपाल भाषा: युटेरस
Nederlands: Baarmoeder
norsk nynorsk: Livmor
norsk: Livmor
occitan: Utèr
polski: Macica
português: Útero
Runa Simi: Kisma
română: Uter
русиньскый: Матка
sardu: Ùteru
Scots: Womb
srpskohrvatski / српскохрватски: Materica
Simple English: Uterus
slovenčina: Maternica
slovenščina: Maternica
chiShona: Chibereko
српски / srpski: Материца
Basa Sunda: Pianakan
svenska: Livmoder
தமிழ்: கருப்பை
తెలుగు: గర్భాశయము
тоҷикӣ: Бачадон
ไทย: มดลูก
Tagalog: Bahay-bata
Türkçe: Rahim
татарча/tatarça: Аналык
українська: Матка
oʻzbekcha/ўзбекча: Bachadon
Tiếng Việt: Tử cung
Winaray: Tagoangkan
吴语: 子宫
ייִדיש: טראכט
中文: 子宫
Bân-lâm-gú: Seⁿ-kiáⁿ-tē
粵語: 子宮