Жатсыну

Жатсыну (rus. отчуждение) – адамның іс-әрекеті мен оның нәтижелерінің ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық категория. Белгілі жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, оған үстемдік ету дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді субъекті болудан қалып, қоғамдық процестің объектісіне айналады. Жатсыну адам іс-әрекетінің тарихи ерекшелігі мен оның нәтижелерінің қоғамға қатынасын, антагонистік формациялардағы әлеуметтік өмірдің адамның жеке басына тигізетін аздырушылық әсерін сипаттайды. Жатсынудың түп-тамыры, негізі еңбек бөлінісінде. Жатсыну мәселесі буржуазиялық қатынастардың қалыптасуынан туды. Қоғамдық шарт теоретиктері ( Гоббс, Руссо т.б.) тауарлық қатынастардың заңды- құқықтық түрлерін айқындай келе, жатсынудың жеке адамдардың өз құқығын саяси ұйымдарға артуы нәтижесінде туады деп түсіндіреді. Немістің классикалық философиясы жатсыну мәселесін идеалистік тұрғыдан адамның іс-әрекеті мен белсенділігіне байланысты қарады. Гегель философиясындағы басты мәселелердің бірі болды. [1]

  • Біріншіден, жатсынуды Гегель абсолюттік рухтың табиғат пен тарихтағы объективтенуі ретінде қараса,
  • Екіншіден жатсынуды буржуазиялық қоғамның өзіне тән ерекше мәселесі деп зерттейді.

Фейербах жатсыну категориясын идеализм мен дінді сынау үшін пайдаланды.

Фейербах дін адамның өз күшін құдіреттің күшіне айнлдырып, оны адамның өзіне қарама-қарсы қояды дейді. Жатсыну мәселесін марксизм еңбек бөлінісі мен жеке меншікке негізделген, тарихи қалыптасып үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық қатынастардың ішкі мәні деп қарайды. Маркс пен Энгельс жатсынудың рухани саласындағы түрлерін ( дін, идеалистік философия т.б.) талдап, кейіннен қоғамның саяси өмірінде мемлекеттің бюрократтануын зерттейді. «1844 жылдағы философиялық- экономикалық қолжазбаларында» К.Маркс жатсыну мәселесін ұғынудың негізгі түйініеңбектің жат болуын түсінуден басталады дейді. Антагонистік қоғамның жағдайларында жұмысшы өндіріс процесі мен еңбекке сырт күштер деп қарайды. Себебі жұмысшы еңбегінің нәтижелері басқаның, жеке капиталистің не мемлекеттік капиталдың қолына көшеді де, сол жұмысшының өзіне қарсы және оның өзін бағынышты етеін ерекше күшке айналды. К.Маркс өзінің фетишизм жөніндегі ілімінде заттардың субъектіге, ал субъектінің керісінше затқа айналу процесі қатынас формасындағы капиталды заттық формаға, қоғамдық қатынасты бойына мүлде сіңіріп алған ерекше затқа айналдырады дейді. Сөйтіп, адам заттандырылған қоғамдық күштердің кейпіне ие болады: капиталист капитал кейпінде болса, ал жұмысшы жалдамалы еңбек кейпіне түседі. Адамдар арасындағы қатынастардың бәрі дерлік әлеуметтік міндеттерді орындаушылар арасындағы қатынас болып қалыптасады.

Жатсыну және әлеуметтік институттар (қоғамдық қатынас нормалары).

Әлеуметтік институттардың қайсысы болмасын адамдардың іс-әрекетінде пайда болып, белгілі жағдайда адамдар арасындағы қатынастарды реттеу міндеттерін атқара бастайды.
Әлеуметтік институт ретінде қалыптасқан таптық мемлекет жеке адамдардың күнделікті өмір жағдайларына жат болады. Тарихи дамудың нәтижесінде жатсынудың бұл түрі тереңдей түеді де, мемлекеттің жойылуына жағдай туады. Әлеуметтік институттардың шегіне жеткен бюрократияға, иерархиялық жүйеге айналуының өзі де осы жатсынудың салдарынан. [2]

Other Languages
Afrikaans: Vervreemding
azərbaycanca: Yadlaşma (fəlsəfə)
català: Alienació
Deutsch: Entfremdung
español: Alienación
euskara: Alienazio
français: Aliénation
galego: Alienación
עברית: ניכור
Bahasa Indonesia: Alienasi
íslenska: Firring
italiano: Alienazione
日本語: 疎外
한국어: 소외
Kurdî: Aliyenasyon
Nederlands: Vervreemding
norsk nynorsk: Framandgjering
occitan: Alienacion
polski: Alienacja
português: Alienação
srpskohrvatski / српскохрватски: Otuđenje (filozofija)
Simple English: Alienation
српски / srpski: Отуђење
svenska: Alienation
oʻzbekcha/ўзбекча: Begonalashuv
中文: 社會異化