Жаклин Кеннеди

Жаклин Кеннеди
Jacqueline Kennedy
Жаклин Кеннеди
Лауазымы
Ту
АҚШ-тың Бірінші Ханымы
20 қаңтар 1961 жыл —  22 қараша 1963 жыл
Ізашары: Мейми Эйзенхауэр
Ізбасары: Леди Берд Джонсон
Өмірбаяны
Дүниеге келуі: 28 шілде 1929(1929-07-28)
Нью-Йорк, АҚШ
Қайтыс болуы: 19 мамыр 1994(1994-05-19) (64 жас)
Нью-Йорк, АҚШ
Әкесі: Джон Бувье
Анасы: Джанет Нортон Ли
Жұбайы: Джон Кеннеди
Балалары: Джон-кіші, Каролина, Патрик, Арабелла
Қолтаңбасы: Қолтаңбасы

Жаклин Ли «Джеки» Бувье Кеннеди Онассис, тумысында Жаклин Бувье ( фр. Jacqueline Bouvier), бірінші неке бойынша Кеннеди ( ағыл. Kennedу), екінші неке бойынша Онассис ( ағыл. Onassis); 28 шілде 192919 мамыр 1994, Джеки ( ағыл. Jackie) ретінде танылған – 1961- 1963 жылдары аралығында Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы. Өз заманының ең әйгілі әйелдердің бірі, жаңа сән үлгілерін шығарушы, Америка мен Еуропада нәзіктілік пен әдеміліктің белгісі, зайырлы хрониканың кейіпкері. Оның тарихи архитектураның сақталуына қосқан үлесі үшін халық оны есте сақтап қалды. Бірнеше баспаларда редактор болып жұмыс істеді. Оның әйгілі қызғылт Chanel костюмі оның күйеуінің қазасының белгісі және 1960 жылдарының көзге көрінген керемет бейнелердің бірі болып есептелінеді.

Жас кезі

Кішкентай Жаклин

Жаклин Бувье 28 шілдеде 1929 жылы Нью-Йорктың беделді қала маңы – Саутгемптонда броке ІІІ Джон Бувье мен Джанет Нортон Лидің отбасында дүниеге келді. Анасының отбасысы ирландықтардан, ал әкесінің – француздар және ағылшындардан шыққан. 1933 жылы оның әпкесі Кэролайн Ли туылды. Жаклиннің ата-анасы 1940 жылы ажырасады, ал 1942 жылы анасы миллионер Хью Очинклоссұа тұрмысқа шығады. Бұл некеде екі бала туылады: Джанет және Джеймс Очинклосс. Жас кезінде Жаклин керемет шабандоз болады және атпен жүру оның өмір бойына сүйікті істерінің біріне айналады. Балалық кезінде ол сурет салуды, оқуды және лакроссты ұнатты. 

Other Languages
azərbaycanca: Jaklin Kennedi
беларуская: Жаклін Кенэдзі
беларуская (тарашкевіца)‎: Жаклін Кенэдзі
गोंयची कोंकणी / Gõychi Konknni: Jacqueline Kennedy Onassis
Bahasa Indonesia: Jacqueline Kennedy Onassis
srpskohrvatski / српскохрватски: Jacqueline Kennedy Onassis
українська: Жаклін Кеннеді