Еуропа одағы

Еуропа одағы
Flag of Europe.svg елтаңбасы
БайрақЕлтаңба
Еуропа одағы ұлттық әнұраны
European Union.svg
LocationEuropeanUnion.svg
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріАғылшын тілі, Француз тілі, Нидерланд тілі, Дат тілі, Эстон тілі, Finnish, Неміс тілі, Грек тілі, Мажар тілі, Irish, Италиян тілі, Литва тілі, Поляк тілі, Португал тілі, Испан тілі, Швед тілі, Болгар тілі, Slovene, Словак тілі, Romanian, Латыш тілі, Мальта тілі, Хорват тілі және Чех тілі
ЕлордаБруссел және Strasbourg
Экономикасы
ВалютасыФунт стерлинг, Swedish krona, Danish krone, złoty, Bulgarian lev, Czech koruna, Hungarian forint, Lithuanian litas, Romanian leu, Gibraltar pound, Еуро, Deutsche Mark, Irish pound, Austrian schilling, Belgian franc, Italian lira, Luxembourg franc, Dutch guilder, Croatian kuna, peseta, Finnish markka, Portuguese escudo, Greek drachma, Slovenian tolar, Cypriot pound, Maltese lira, Slovak koruna, Estonian kroon және Лат
Қосымша мәліметтер
Уақыт белдеулеріWestern European Time, Western European Summer Time, Central European Time, Central European Summer Time, Eastern European Time және Eastern European Summer Time
ШвейцарияИсландияЛихтенштейнНорвегияКосоводағы БҰҰ уақытша әкімшілік жөніндегі миссиясы (UNMIK)АлбанияБосния және ГерцеговинаМакедония РеспубликасыЧерногорияМолдавияСербияҚазақстанБелоруссияУкраинаРесейГрузияӘзірбайжанАрменияВатиканСан-МариноМонакоАндорраТүркияХорватияБолгарияҰлыбританияРумынияЧехияДанияМажарстанЛатвияЛитваПольшаШвецияКипр РеспубликасыИрландияАвстрияБельгияЭстонияФинляндияФранцияГерманияГрекияИталияЛюксембургМальтаНидерландПортугалияСловакияСловенияИспанияЕуропалық еркін сауда ассоциациясыЕуроны қолдану келісіміШенген келісіміЕуропалақ экономикалық аймақОратлық-Еуропалық еркін сауда ассоциациясыЕуропа КеңесіЕуропалық ОдақЕуроаймақ
Мемлекеттердің еуропалық келісімдерде және ұйымдарда қатысуы.
EO 1952 - 2013
EO-ның туы

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Дамуы

Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

  • ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
  • Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
  • Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
  • Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
  • Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
  • Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
  • Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропа одағының әлеуметтік саясаты

Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың " Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім " Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

  • Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
  • 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
  • 2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

Еуропа одағы институттары

Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады.

Еуропа одағы құқы

Еуропа одағы құқы — [EULaw; European Union Law] — Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.

Еуропалық ықпалдастық

Еуропалық ықпалдастық - Еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни тұтастығы - IV ғасырдың б.д.д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдың Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше, империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды.[1]

Other Languages
Afrikaans: Europese Unie
Alemannisch: Europäische Union
aragonés: Unión Europea
asturianu: Xunión Europea
azərbaycanca: Avropa İttifaqı
žemaitėška: Euruopas Sājonga
Bikol Central: Union Europea
беларуская: Еўрапейскі Саюз
беларуская (тарашкевіца)‎: Эўрапейскі Зьвяз
български: Европейски съюз
bamanankan: Eropa Jɛkulu
brezhoneg: Unaniezh Europa
bosanski: Evropska unija
català: Unió Europea
Chavacano de Zamboanga: Unión Europea
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Ĕu-ciŭ Lièng-mèng
нохчийн: Европан барт
qırımtatarca: Avropa Birligi
čeština: Evropská unie
dolnoserbski: Europska unija
Esperanto: Eŭropa Unio
español: Unión Europea
estremeñu: Unión Uropea
Nordfriisk: Europäisch Unjoon
客家語/Hak-kâ-ngî: Êu-chû Lièn-mèn
Fiji Hindi: European Union
hrvatski: Europska unija
hornjoserbsce: Europska unija
Kreyòl ayisyen: Inyon Ewopeyèn
interlingua: Union Europee
Bahasa Indonesia: Uni Eropa
Interlingue: Europan Union
italiano: Unione europea
日本語: 欧州連合
la .lojban.: ropno gunma
Basa Jawa: Uni Éropah
Kabɩyɛ: UE ŋgbɛyɛ
kalaallisut: EU
ភាសាខ្មែរ: សហភាពអឺរ៉ុប
한국어: 유럽 연합
Перем Коми: Ӧтласа Европа
къарачай-малкъар: Европа бирлик
kernowek: Unyans Europek
Lëtzebuergesch: Europäesch Unioun
Lingua Franca Nova: Uni European
Limburgs: Europese Unie
lumbaart: Üniun Eurupea
lietuvių: Europos Sąjunga
олык марий: Европа Ушем
македонски: Европска Унија
Bahasa Melayu: Kesatuan Eropah
Mirandés: Ounion Ouropeia
မြန်မာဘာသာ: ဥရောပ သမဂ္ဂ
مازِرونی: اروپای اتحادیه
Napulitano: Aunione europea
Plattdüütsch: Europääsche Union
Nedersaksies: Europese Unie
नेपाल भाषा: युरोपियन युनियन
Nederlands: Europese Unie
norsk nynorsk: Den europeiske unionen
Chi-Chewa: European Union
ਪੰਜਾਬੀ: ਯੂਰਪੀ ਸੰਘ
Papiamentu: Union Oropeo
Piemontèis: Union Europenga
پنجابی: یورپی یونین
português: União Europeia
Runa Simi: Iwrupa Huñu
rumantsch: Uniun europeica
armãneashti: Uniunea Europeană
tarandíne: Aunìone europèe
русиньскый: Европска унія
sicilianu: Unioni Europea
davvisámegiella: Eurohpá uniovdna
srpskohrvatski / српскохрватски: Evropska unija
Simple English: European Union
slovenčina: Európska únia
slovenščina: Evropska unija
Gagana Samoa: Iuni a Europa
Soomaaliga: Midowga Yurub
српски / srpski: Европска унија
Basa Sunda: Uni Éropa
Kiswahili: Umoja wa Ulaya
Türkçe: Avrupa Birliği
татарча/tatarça: Аурупа берлеге
удмурт: Европа союз
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: ياۋروپا ئىتتىپاقى
українська: Європейський Союз
oʻzbekcha/ўзбекча: Yevropa Ittifoqi
vèneto: Union Eoropea
vepsän kel’: Evropan Ühtištuz
Tiếng Việt: Liên minh châu Âu
West-Vlams: Europese Unie
Volapük: Balatam Yuropik
Winaray: Unyon Europea
吴语: 欧洲联盟
მარგალური: ევროპაშ რსხუ
Zeêuws: Europese Unie
中文: 欧洲联盟
Bân-lâm-gú: Au-chiu Liân-bêng
粵語: 歐洲聯盟