Екілік санау жүйесі

Екілік санау жүйесі - негізіне 2 саны алынған позициялық түзіліс бойынша құрылған санау жүйесі.Бұл санау жүйесінде тек екі таңба 0(нөл) және 1 ғана болады.2 саны 2-разрядтық бірлігі болып есептеледі де 10(<<бір - нөл>> деп оқылады) түрінде жазылады. Келесі разрядтың әрбір бірлігі алдыңғы разрядтан 2 есе артық болады, яғни осы бірліктер 2, 4, 8, 16, ...., 2n, ...... сандар тізбегін құрады.

Ондық санау жүйесінде жазылған санды екілік санау жүйесінде жазу үшін, оны біртіндеп 2-ге бөледі де қалған қалдықтарды: 0 мен 1-ді ең соңғысын бірінші орынға қойып кері бағыт бойынша жазады: мысалы,

43 = 21*2 + 1; 21 = 10*2 +1; 10 = 5*2 + 1; 5 = 2*2 +1; 2 = 1*2 + 0; 1 = 0*2 + 1.

Есептеу математикасында негізінен екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде жазылған сандарды есептеу техникасында қолдану ыңғайлы.

Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізгі "2" санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйенің елеулі кемшілігі - санды бұл жүйеде жазу үшін 0 мен 1 цифрлары мейлінше көп қажет болатындығында. Бұл адамның екілік сандарды қабылдауын қиындатады. Мысалы, 156 ондық санының екілік жүйедегі түрі мынадай: 10011100. Сондықтан, екілік жүйені, қағида бойынша компьютердің ішкі қажеттілігі" үшін қолданады, ал адамның компьютермен жұмыс істеуі үшін, үлкен негізді санау жүйесін таңдайды. Бұл жағдайда сегіздік және он алтылық санау жүйелері жиі қолданылады, өйткені бұдан былай көрсетілетіндей, бұл екі жүйе мен екілік жүйенің арасында сандарды бір жүйеден екінші жүйеге ауыстыруды жеңілдететін қарапайым байланыс бар.[1][2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224 б.ISBN 9965-33-206-1
  2. Математика әлемі: Жалпы орта білім беретін оқу орындарының(мектеп, гимназия, колледж, лицей) оқушылары мен студенттеріне және математика әуесқойлары мен көпшілік оқырмандарға арналған математикалық пәндік энциклопедия.Нұрқанат Көбенқұлұлы.
Other Languages
العربية: نظام عد ثنائي
asturianu: Sistema binariu
azərbaycanca: İkili say sistemi
Boarisch: Binärzoihn
Cymraeg: Rhif deuaidd
Deutsch: Dualsystem
English: Binary number
español: Sistema binario
français: Système binaire
Kreyòl ayisyen: Sistèm binè
interlingua: Systema binari
Bahasa Indonesia: Sistem bilangan biner
íslenska: Tvíundakerfi
日本語: 二進法
한국어: 이진법
lumbaart: Sistema binari
Bahasa Melayu: Sistem angka perduaan
Nederlands: Binair
norsk nynorsk: Totalssystemet
Sesotho sa Leboa: Binary
română: Sistem binar
srpskohrvatski / српскохрватски: Binarni sistem
Simple English: Binary number
chiShona: Muravanembiri
Soomaaliga: Tiro labaale
српски / srpski: Бинарни систем
Tiếng Việt: Hệ nhị phân
West-Vlams: Binair reeknn
吴语: 二进制
中文: 二进制
文言: 二進制
Bân-lâm-gú: Jī-chìn-hoat
粵語: 二進制