Дүрбі

«Классикалық» дүрбі схемасы
Жорық дүрбісі (7×50)

Дүрбі – алыстағы нәрселерді ұлғайтып көруге арналған оптикалық прибор. Дүрбіні бинокль (французша bіnacle, латынша bіnі – жұп, екі және oculus – көз) деп те атайды. Ол оптикалық осьтері параллель болатындай етіп бір-бірімен жалғасқан екі көру түтігінен тұрады. Оптикалық сұлбасы объектив (желімделген екі линза жүйесі) пен окулярдан құралған. Дүрбінің негізгі сипаттамасы – үлкейту, көру өрісі бұрышы және ажыратқыштық шама. Дүрбіде, объективтің фокаль жазықтығында не оған жақын орналасқан алыстағы нәрсенің шын, кішірейтілген және төңкерілген кескіні, окуляр арқылы лупа тәрізді қаралады. Кеплер түтігі типтес көру түтіктері бар дүрбіде де окуляр – жинағыш жүйе әрі ол төңкерілген кескін береді. Сондықтан тура кескінді алу үшін, объектив пен окулярдың арасына, төңкергіш жүйе орналастырылады, мысалы, Малофеев – Порро жүйесі екі шағылыстырғыш жақтары бар, бір-бірімен 90Ә бұрыш жасай орналасқан екі тікбұрышты призмадан тұрады. Мұндай жүйе аспаптың ұзындығын азайтуға да мүмкіндік береді. Дүрбінің бұл типі, көбінесе, призмалық дүрбі деп аталады (үлкейтуі алты – он бес есе). Ал, Галилей дүрбісі типтес көру түтіктері бар дүрбінің окуляры – шын кескін жазықтығы алдына орналасқан шашыратқыш линза. Мұндай дүрбінің көру түтігінің ұзындығы объективтің фокус аралығынан кіші, кескін жорымал әрі тура, құралымы қарапайым, көру бұрышы шектеулі (үлкейтуі екі – төрт есе, мысалы, театр дүрбісінде) болып келеді.

Other Languages
Alemannisch: Fernglas
العربية: منظار
azərbaycanca: Binokl
žemaitėška: Vėizuonā
български: Бинокъл
brezhoneg: Gevellunedenn
català: Binocle
нохчийн: Турмал
Tsetsêhestâhese: É'koo'óhtotôtse
čeština: Triedr
Чӑвашла: Бинокль
Deutsch: Fernglas
Ελληνικά: Κιάλια
English: Binoculars
Esperanto: Binoklo
español: Prismáticos
eesti: Binokkel
euskara: Prismatikoak
suomi: Kiikari
français: Jumelles
Gaeilge: Déshúileach
galego: Binóculo
ગુજરાતી: બાઇનૉક્યુલર
עברית: משקפת
hrvatski: Dvogled
Հայերեն: Հեռադիտակ
Bahasa Indonesia: Binokular
italiano: Binocolo
日本語: 双眼鏡
Basa Jawa: Kèker
한국어: 쌍안경
Кыргызча: Дүрбү
lietuvių: Žiūronai
latviešu: Binoklis
Bahasa Melayu: Binokular
Plattdüütsch: Kieker (Optik)
Nederlands: Verrekijker
norsk nynorsk: Kikkert
norsk: Kikkert
occitan: Jumelles
polski: Lorneta
پنجابی: دوربین
پښتو: لروين
português: Binóculo
română: Binoclu
русский: Бинокль
Scots: Binoculars
srpskohrvatski / српскохрватски: Dvogled
Simple English: Binoculars
slovenščina: Binokular
српски / srpski: Двоглед
svenska: Kikare
тоҷикӣ: Дурбин
Tagalog: Largabista
Türkçe: Dürbün
татарча/tatarça: Бинокль
українська: Бінокль
Tiếng Việt: Ống nhòm