Дифракция

Two-Slit Diffraction.png

Дифракция ( лат. dіfractus – сындырылған) – механикалық, дыбыс және жарық толқындарының өздерінің толқын ұзындығымен шамалас тосқауылды орап өтуі, сондай-ақ сұйықтық пен газ молекулаларының немесе кристалл, сұйықтық, т.б. микробөлшектерінің электрондар, нейтрондар. [1]

Laser Interference.JPG

Жарық дифракциясы — жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болуы үшін, мұның үстіне, жарық түскен дененің айқын шекарасы болуы да тиіс. Дифракция жарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады (мысалы, [механикалық толқын| механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте аз болғандықтан қалыпты жағдайда Жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы — жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17 ғ-да италиялық физик және астроном Ф.Гримальди (1618 — 1663) ашты, ал оны француз физигі О.Френель (1788 — 1827) түсіндірді (1812). Френель Жарық дифракциясын екінші реттік толқындардың интерференциялану нәтижесі деп тұжырымдады. Жарық дифракциясының жуық теориясы дифракциялық бейненің центрінде қараңғы дақ , ал тақ болса — жарық дақ көрінеді. Дифракциялық жолақтардың арасы жарықтың толқын ұзындығына байланысты анықталады. Жарық дифракциясының сфералық толқындар дифракциясы (Френель дифракциясы) және параллель сәулелер дифракциясы (Фраунгофер дифракциясы) деп аталатын екі түрі бар. Френель аймағының мөлшерімен шамалас сфералық толқындардың дифракциясы: (мұндағы b — саңылаудың мөлшері, — бақылау нүктесінің экраннан қашықтығы,  — толқын ұзындығы), ал параллель сәулелер дифракциясы: b шарттарын қанағаттандырады. Соңғы жағдайда саңылауға түскен параллель жарық сәулелер шоғы алшақтау бұрышымен (/b) ажырайды. Тар саңылау арқылы өткен монохромат жарықтың параллель шоғы экранға түскенде, қарқындылығы тез кемитін, алма-кезек ауыса орналасқан жарық және қараңғы жолақтар пайда болады. Егер жарық саңылау жазықтығына перпендикуляр бағытта түссе, онда экрандағы жолақтар орталық жолаққа симметриялы болып орналасады (2-сурет). Ал экранның жарықталынуы  бұрышының өзгеруіне сәйкес болып экран бетінде өзгеріп отырады: sіn=m/b (m =1, 2, 3,...). Жарықталынудың ең үлкен шамасы m=0 және sіn=0 (яғни =0) мәндерінде болады. Жарық дифракциясы нәтижесінде ұзын толқынды сәулелер көбірек, қысқа толқынды сәулелер азырақ бұрылады, яғни күрделі жарық толқын ұзындықтары бойынша жіктеледі. Басқаша айтқанда, дифракциялық спектрлер пайда болады. Кейбір спектрлік приборлардың жұмыс істеу принципі осы құбылысқа негізделген. Жарық дифракциясының көмегімен оптикалық приборлардың ( телескоптардың, микроскоптардың, т.б.) ажыратқыштық шамасы, сондай-ақ, лазер сәулесінің жинақтылығы анықталады. [2]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық. ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
  2. "Қазақ Энциклопедиясы"
Other Languages
العربية: حيود
беларуская: Дыфракцыя
български: Дифракция
বাংলা: অপবর্তন
català: Difracció
čeština: Difrakce
Cymraeg: Diffreithiant
Ελληνικά: Περίθλαση
English: Diffraction
Esperanto: Difrakto
فارسی: پراش
suomi: Diffraktio
français: Diffraction
Gaeilge: Díraonadh
galego: Difracción
עברית: עקיפה
हिन्दी: विवर्तन
hrvatski: Ogib
Kreyòl ayisyen: Difraksyon
magyar: Diffrakció
Հայերեն: Դիֆրակցիա
Bahasa Indonesia: Difraksi
italiano: Diffrazione
日本語: 回折
한국어: 회절
Кыргызча: Дифракция
lietuvių: Difrakcija
latviešu: Difrakcija
മലയാളം: വിഭംഗനം
монгол: Дифракц
मराठी: विवर्तन
Nederlands: Diffractie
norsk nynorsk: Diffraksjon
ਪੰਜਾਬੀ: ਵਿਵਰਤਨ
polski: Dyfrakcja
Piemontèis: Difrassion
português: Difração
română: Difracție
русский: Дифракция
sicilianu: Diffrazzioni
srpskohrvatski / српскохрватски: Difrakcija
සිංහල: විවර්තනය
Simple English: Diffraction
slovenčina: Difrakcia
slovenščina: Uklon
chiShona: Bvurunuro
српски / srpski: Дифракција
Basa Sunda: Difraksi
svenska: Diffraktion
తెలుగు: వివర్తనం
Türkçe: Kırınım
українська: Дифракція
اردو: انکسار
Tiếng Việt: Nhiễu xạ
中文: 衍射