Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесіакционерлік қоғамның сайланбалы органы. Акционерлердің жалпы жиналасының айрықша құзыретіне жататын мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесі қадағалаушылар кеңесі деп те аталады. Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мына мәселелер жатады: қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау; акционерлердің жылдық, кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру; акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; жалпы жиналысқа қатысуға құ-қылы акционерлердің тізімін жасау, жиналыстың өткізілетін күнін белгілеу, оны ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелер; акциялар бойынша дивидендтің мөлшерін және оны төлеу тәртібін белгілеу; мүліктің бағасын, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және сатып алу бағасын айқындау, қоғамның атқарушы органын құру оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; қоғамның бөлімшелерін құру және өкілдіктерін ашу; қоғамның сақтық қорын пайдалану; қоғамның тіркеушісін бекіту; заңда және қоғамның жарғысында көзделген өзге де мәселелер. Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлердің жалпы жиналысы 1 жылға сайлайды. Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қарауына жылдық есепті, бухгалтерлік теңгерімді, пайда мен залал есебін, қоғамның пайдасы мен залалын бөлуді ұсынады.[1][2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы,10 том
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2


Other Languages
العربية: مجلس إدارة
azərbaycanca: Direktorlar şurası
беларуская: Рада дырэктараў
čeština: Představenstvo
dansk: Bestyrelse
Esperanto: Estraro
eesti: Juhatus
suomi: Hallitus
हिन्दी: निदेशकमंडल
Bahasa Indonesia: Direktur
日本語: 取締役会
ភាសាខ្មែរ: ខុទ្ទកាល័យ
한국어: 이사회
Bahasa Melayu: Lembaga pengarah
Nederlands: Raad van bestuur
norsk: Styre
Papiamentu: Hunta di Maneho
Simple English: Board of directors
српски / srpski: Одбор директора
svenska: Styrelse
українська: Рада директорів
oʻzbekcha/ўзбекча: Direktorlar kengashi
中文: 董事会
Bân-lâm-gú: Chhú-thè-ia̍h-hoē