Деменция

Деменция(ағылш. dementia; нем. . Demenzf, Schwachsinn;лат. dementia - слабоумие, безумие)Ой өрісінің әлсіздігімен, бұрыналған білімді жоғалтып, жаңа білімалуға деген қиындықтармен, жалпыпсихиканың нашарлығы, тәртіптіңөзгеруімен бейнеленетін психиканыңтерең де қайтарылмас зақымы. Өмірбарысында пайда болған жарыместік(тумысынан болған олигофренияғақарама-қарсы).[1]

Деменция — жоғары психикалық фуикциялардың жете дамымауының не семуінің салдары болып табылатын кемақылдық. Бастапқы деменция — тұқым қуалаған аурудың, туа біткен зақымдаушы факторлардың немесе баланың өсуінің ең алғашқы кезеңдеріндегі жоқшылықтың салдарынан зияттың жете дамымаушылығы. Екінші деменция — жаттығулардың, эмоциялық қуаттаулардың (әлеуметтік, жастық, дәрі- дәрмектік, ауру-сырқаулық) үнемі әсер етуі себепті психикалық функциялардың сипатына байланысты сенильдік (қарттық), алкогольдіх, эпилепсиялық, жарақаттанудан кейін болған және т.б. деменциялар түрлері болады. Деменция — жалпы алғанда зияттылық қабілетінің әлеуметтік және кәсіптік функциялардың қалыпты орындалуы мүмкін болмайтындай болып жоғалуы. Термин көп функциялы бұзылуларды белгілеуге арналған. Мұндай кезде ес болмайды, пайымдау және басқа да жоғары психикалық процестерге қабілеттілік қалмайды. Әдетте, когнитивтік процестердің мұндай бқзылулары тұлғаны жеке әлеуметтік өзара әрекеттестік қабілеттерінің бұзылуына ұласады.[2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6


Алжу

Other Languages