Гипноз

Hypnotisk seans av Richard Bergh 1887.jpg
Photographic Studies in Hypnosis, Abnormal Psychology (1938)

Гипноз сергектік жағдайды жасанды түрде өзгертуден туындайды. Гипноз ерік білдіру бостандығын шектеп, біреудің еркіне бағынуды күшейтеді. Егер жауап алынушы адам келісім берсе де, гипнозды тергеу кезінде қолдануға жол берілмейді. [1]

Гипноз ( лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы (Гипноз сеансының мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту). Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұның қабылдау саласына (жағымды және жағымсыз иллюзиялар), ес саласында (бүған дейінгі өмірде болған оқиғалар мен фактілерді ұмыту не еске түсіру, жаңа материалды есте сақтау процестерінің белсендірілуі), зейін саласында (зейіннің шоғырлануы мен бөлінуінің артуы), ойлау саласында (қалыпты логиканың бұзылуы немесе шығармашылық сипаттың артуы), тұлғаға қатысты әсері болуы мүмкін ( мотивацияның, дағдылардың, көңіл-күйдің, кейбір тұлғалық сипаттамалардың өзгеруі, басқа адам бейнесінің иландырылуы, субъективтік уақытты ауыстырып-түйістіру). Мұндай өзгерістердііі бар екендігін арнаулы физиологиялық сынамалар мен психологиялық тестілер растайды. XIX ғасырдың ортасына дейін гипноз туралы түсініктер гипноздаушы ерекше "флюидтер" немесе толқындар таратады деп ұғынуға негізделді. И.П.Павловтың еңбектерінде гипнозға материалистік түсінік берілді. Физиологиялық теориялар гипнозды орталық жүйке жүйесінің тән сипатты күй деп қарастырады. Психологиялық теориялар гипнозды субъектінің қалыпты санасының ерекше жағдайларда өзгерген түрде функция атқаруы деп пайымдайды. Психотерапияда жанжалдарды және тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу секілді арнаулы әдіс қолданылады. Гипноз техникасын қолдану субъект санасының функция атқаруының әр түрлі деңгейлері кезінде мінез-құлықты эксперименттік әдіспен зерделеуге мүмкіндік береді. 1. гипноз, арбау; 2. гипноз арбап ұйықтату, еркінен айыру; гипнозбен емдеу. Сендірудің ықпалымен сананың уақытша бөлініп тасталуы немесе өзінің қылықтарын саналы бақылаудан айыру. Гипноз — жасанды жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй. [2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  2. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Other Languages
Afrikaans: Hipnose
Ænglisc: Oferswefn
العربية: تنويم إيحائي
azərbaycanca: Hipnoz
беларуская: Гіпноз
беларуская (тарашкевіца)‎: Гіпноз
български: Хипноза
বাংলা: সম্মোহন
bosanski: Hipnoza
català: Hipnosi
čeština: Hypnóza
Cymraeg: Hypnosis
dansk: Hypnose
Deutsch: Hypnose
English: Hypnosis
Esperanto: Hipnoto
español: Hipnosis
eesti: Hüpnoos
euskara: Hipnosi
فارسی: هیپنوتیزم
suomi: Hypnoosi
français: Hypnose
Frysk: Hypnoaze
Gaeilge: Hiopnóis
galego: Hipnose
עברית: היפנוזה
हिन्दी: सम्मोहन
hrvatski: Hipnoza
magyar: Hipnózis
Հայերեն: Հիպնոս
Bahasa Indonesia: Hipnosis
italiano: Ipnosi
日本語: 催眠
ქართული: ჰიპნოზი
한국어: 최면
Кыргызча: Гипноз
Latina: Hypnosis
lietuvių: Hipnozė
latviešu: Hipnoze
македонски: Хипноза
မြန်မာဘာသာ: စိတ်ညှို့ပညာ
Nederlands: Hypnose
norsk: Hypnose
occitan: Ipnòsi
polski: Hipnoza
português: Hipnose
română: Hipnoză
русский: Гипноз
srpskohrvatski / српскохрватски: Hipnoza
සිංහල: මෝහනය
Simple English: Hypnosis
slovenčina: Hypnóza
slovenščina: Hipnoza
shqip: Hipnoza
српски / srpski: Хипноза
svenska: Hypnos
తెలుగు: హిప్నాటిజం
Tagalog: Hipnosis
Türkçe: Hipnoz
українська: Гіпноз
oʻzbekcha/ўзбекча: Gipnoz
Tiếng Việt: Thôi miên
ייִדיש: היפנאזיע
中文: 催眠