Географиялық координаттар

Outline Map of Buryatia (with position on the Map of Russia).svg

Географиялық координаттар(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер.[1] Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда — оң, оңтүстік жарты шарда — теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.[2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


Other Languages
Alemannisch: Geografische Lage
беларуская (тарашкевіца)‎: Геаграфічныя каардынаты
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Dê-lī cô̤-biĕu hiê-tūng
客家語/Hak-kâ-ngî: Thi-lî chhô-phêu ne-thúng
hornjoserbsce: Geografiske koordinaty
Bahasa Indonesia: Sistem koordinat geografi
íslenska: Bauganet jarðar
日本語: 地理座標系
한국어: 지리 좌표계
Lëtzebuergesch: Geographesch Koordinaten
Basa Banyumasan: Sistem koordinat geografi
Baso Minangkabau: Sistem koordinat geografis
Plattdüütsch: Geograafsche Laag
srpskohrvatski / српскохрватски: Geografske koordinate
Türkmençe: Koordinatalar
татарча/tatarça: Geografik koordinatalar
oʻzbekcha/ўзбекча: Geografik koordinatalar
中文: 经纬度
Bân-lâm-gú: Keng-hūi-tō͘