Велосипед туризмі

Туризмнің белсенді түрлеріне көбінесе жорық кезінде туристердің өзінің дене қуатын мол талап ететін түрлер жатады. Мысалы: жаяу,шаңғымен, суда жүзу және т.с.с.Сонымен қатар аралас түрлері де кездеседі.Мысалы: автобус,пойыз,теплоходтар және т.б.Белгілі бір орынға жеткен соң,бір жерде бірнеше күнге созылатын белсенді түріде болады.Туризмнің белсенді түрін кейде халықаралық туризмде қаржы әкелетін,сосын төмен қабілетті мен бейімділік қабілетін қабылдай алатын туристер есебінен арттырады. Соның бір түрі болып, велосипед туризмі болады.

Велотурист

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы,көптеген километрге (1100км дейін ) созылатын,арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын,жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар,жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.Велосипед туризмі,өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар.Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады,соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді,онымен терең орлар арқылы да,құмды жерлерді де,тасты тау жолдарын да,өзенді де кесіп өтуге болады.Күніне қозғалыс қарқынына ,ауа райына,жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді.Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді,ол барлық жүкті велосипедке тиейді.Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі.

Велосипед туризмі батпақта


Велосипед туризмінің өзінің артылықшылықтары болады.Жаяу адам жүре алатын жерлерден велосипедші өте алады.Велосипедші айтарлықтай аз шаршайды,ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше ретартық болады.Сондықтан да велотуристердің маршрут таңдауда кең мүмкіндіктері бар.Туристің жасы мен физикалық жағдайын есепке алып отырса,велосипед жорықтары әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы.

Велосипед тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам.Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу,реттеу,жинау бойынша білімдері болуы тиіс және өздері велосипедте жүру техникасын жақсы игеруі тиіс. Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған маршрутты таңдағандары дұрыс: ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі маршруттарға да шыға алады.Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.Жергілікті жердің рельефі, ауа-райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде 400-ден 1000 км дейін жол жүре алады.

Велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл.Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол,автомобиль,өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді.Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда 1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға мүмкіндік береді.Ол жинақы,қарапайым,35-45 км/сағ. Жылдамдықта жүре алады;оның жол жылдамдығы 15-25 км.Жанармайға раналған багы 2,3 л,бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді.( 20 км/сағ. Жылдамдықтағы әрі жол сапасына байланысты).Велосипед туризмі қазіргі таңда өте жақсы дамыған белсенді туризмнің түрі болып табылады[1]

Веложорықтардың түрлері

  • Біркүндік веложорық - түнеуі болмайтын веложорық. Әдетте жолға шығу таңертең, қайтып келуі сол күннің кешінде болады.
  • Демалыс күннің жорығы (ПВД) - бір түнеуі бар веложорық, яғни, жолға шығу сенбі күні таңертең, ал қайтып келуі жексенбі күні кеште жүзеге асырылады.
  • Көпкүнді веложорық - бірнеше күнге созылған түнеуі бар веложорық болып табылады.
  • Спорттық веложорық - туризмнің басқа түрлері сияқты арнайы органдармен бақыланады.
Other Languages
Afrikaans: Fietsvakansie
català: Cicloturisme
čeština: Cykloturistika
kaszëbsczi: Kòłowô turistika
dansk: Cykelferie
Esperanto: Bicikloturismo
español: Cicloturismo
français: Cyclotourisme
galego: Cicloturismo
italiano: Cicloturismo
日本語: 自転車旅行
한국어: 자전거 여행
Nederlands: Fietsvakantie
norsk: Sykkeltur
português: Cicloturismo
slovenčina: Cykloturistika