Бүркеншік ат

Бүркеншік ат , лақап ат, псевдоним (грек. pscudos — жалған, опута — есім) — автордың өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі. Бүркеншік атқа қоғам қайраткері, жазушылар, суретшілер мен артистер түрлі себептердің салдарынан иек артқан: цензураның ізіне түсуінен жасырыну үшін, авторлық және шығарма бағасын айқындау үшін қолданған (әдеби маска). Сондай-ақ, алғашында өзінің суреткерлік қарымына сенімі нық болмаған жағдайда, аттас адамдар кездескенде де Бүркеншік ат қолдануы мүмкін. Шәкәрім Құдайбердіұлы кейбір шығармаларының астына “Ұмытылған” деп қол қойған. Ә. Бөкейханов өзінің бірқатар зерттеу, мақалаларына “Қыр баласы”, “Арысұлы”, “Қалмақбай”, т.б. деп қол қойса, М. Әуезов “Қоңыр”, “Арғын”, “Жаяусал”, “Айғақ” деп қол қойған. Ұлы Абайдың алғаш өлеңдерін Көкбай ақын атынан жариялауы Бүркеншік ат пайдаланудың бір түрі. Бүркеншік ат түрлерінің елуден астам түрі бар. Мәселен, автордың туған жерін меңзеуі, (мысалы, Ә. Тарази), арғы тегін білдіру үшін ( Мұстафа Өзтүрік), т.б. қолданылуы мүмкін. [1]

Бүркеншік ат әлем халықтарына кеңінен тараған. Мысалы, Дж.Свифтің 70-тен, В. Скоттың 160-тан астам Бүркеншік аттары болған. Кез келген автор Бүркеншік атпен шығарма жазуға хақылы. [1]

Бүркеншік ат авторлық құқық бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның Бүркеншік атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Россияда Козьма Прутков деген жазушы есімі пайда болды. Ал оның шығармалары өзінше бір қызық дүние еді. Козьма Прутков қандай мәселені толғамасын(расында да ол ерекше бір паңдықпен терең толғанғанды, әсіресе ақыл айтқанды өте жақсы көретін), оның жазғандарынан көтере әсірелеу мен даңғойлық лебі есіп тұратын. Оған ішек-сілесі қата күлген оқырман қауым, апыр-ау, Козьма Прутков деген есуас кім болды екен деп таң-тамаша болатын.

Ал шындығында, Козьма Прутков деген ешқашан өмірде болып көрген жан емес-ті. Өздері ойдан шығарған осы атпен үш жас ағайынды А.М. және В.М. Жемчужниковтар баспа бетіне өз шығармаларын жариялайтын болған. Керенаулықты, топастық пен тоғышарлықты әжуалау үшін бұл үшеуі өздеріне ортақ Козьма Прутков деген бір бүркеніш ат жамылған-ды.

Осыған тағы бір мысал.Сендердің біраздарың Кукрыникстердің ғажайып сатиралық суреттері, сондай-ақ ірі картиналарымен таныс болуларың мүмкін. Ал Кукрыникстер - бұл да совет суретшілері М.В. Куприянов, П.Н. Крылов және Н.А. Соколовтың бүркеншік аты.

Бүркеніш атты, яғни ойдан шығарылған лақап атты көбінесе өнер адамдары: жазушылар, ақындар, суретшілер мен артистер жиі қолданады.

Мысалы, жазушыға өз аты-жөнінің дыбысталуы құлаққа жағымсыз не күлкілі болып көрінуі мүмкін, содан барады да ол кітабын бүркеніш атпен жариялайды. Актерге ең қажеті - өз есімінің тілге жеңіл айтылуы. Өйткені, оның аты-жөні, сахнадан немесе радиодан жиі айтылады ғой. Осындайда қырсық қылғандай фамилиясы бірден айтуға өте қиын, күрделі болса қайтпек? Сондықтан ол жұмысты оңайлату үшін басқаша, жеңілірек фамилия таңдайды. Кейде мынадай да жағдай болады: ақын өз өлеңін құпия сақтайды, оны кім жазғанын жұртқа білдіре бергісі келмейді. Сол себепті ол өлеңін бүркеніш атпен бастырады.

Өнер адамдарын бүркеніш ат жамылуға мәжбүр ететін жайттар өте көп болуы мүмкін. Ол олардың өз еркі, өз құпиясы. Ал енді бұл құпияны олардың өз рұқсатынсыз ешкімнің ашуға, әйгілеуге хақысы жоқ.

Сендер талай рет бүркеніш атпен ұшырасқан да шығарсыңдар. Бірақ оның бүркеніш ат екенін әр кез біле беру кімге де болса оңай емес. Мысалы, Максим Горький - жүзіне белгілі есім. "Чук пен Гек", "Көгілдір шәшке", "Тимур және оның командасының" авторы Аркадий Петрович Голиковтың жұртшылыққа танымал болған бүркеніш аты - Гайдар. "Гайдар" монғолша - "әрқашан алда жүретін сарбаз" дегенді білдіреді. Осынау асқақ ат жазушы әрі Революция солдатына жарасымды-ақ!

1905 жылғы Бірінші орыс революциясынан бірнеше жыл бұрын Ефим Александрович Придворовтың өлеңдері жарық көре бастады. Ол оны Демьян Бедный деген бүркеніш атпен жариялады. Ақынның мұндай атты таңдай себебі - өзінің кедей ақыны, жұмысшылар мен шаруалар ақыны екенін аңғарту еді. [1] [2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. a b c «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы « Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. “Ол Кім. Бұл не.”, I-том


Other Languages
Afrikaans: Skuilnaam
Alemannisch: Pseudonym
aragonés: Pseudonimo
العربية: اسم مستعار
български: Псевдоним
বাংলা: ছদ্মনাম
བོད་ཡིག: འགྱུར་མིང་།
bosanski: Pseudonim
català: Pseudònim
čeština: Pseudonym
Чӑвашла: Хушма ят
dansk: Pseudonym
Deutsch: Pseudonym
Ελληνικά: Ψευδώνυμο
emiliàn e rumagnòl: Scutmâj
English: Pseudonym
Esperanto: Pseŭdonimo
español: Alias
euskara: Izengoiti
suomi: Salanimi
français: Pseudonyme
Nordfriisk: Pseudonym
furlan: Pseudonim
Frysk: Skûlnamme
galego: Pseudónimo
עברית: שם עט
hrvatski: Pseudonim
Հայերեն: Գրական անուն
Bahasa Indonesia: Nama samaran
íslenska: Dulnefni
italiano: Pseudonimo
日本語: 偽名
ქართული: ფსევდონიმი
한국어: 가명
Latina: Pseudonymum
Lëtzebuergesch: Pseudonym
lumbaart: Pseudonòm
lietuvių: Slapyvardis
latviešu: Pseidonīms
олык марий: Алмашлӱм
македонски: Псевдоним
Bahasa Melayu: Nama samaran
नेपाली: छद्मनाम
Nederlands: Pseudoniem
norsk nynorsk: Pseudonym
norsk: Pseudonym
occitan: Pseudonim
polski: Pseudonim
Piemontèis: Stranòm
português: Pseudónimo
română: Pseudonim
русский: Псевдоним
sicilianu: Pseudònimu
Scots: Pseudonym
srpskohrvatski / српскохрватски: Pseudonim
සිංහල: ආරූඪ නාමය
Simple English: Pseudonym
slovenčina: Pseudonym
shqip: Pseudonimi
српски / srpski: Pseudonim
svenska: Pseudonym
Tagalog: Alyas
татарча/tatarça: Тәхәллүс
українська: Псевдонім
vèneto: Pseudonimo
walon: Fås no
中文: 化名
粵語: 化名