Бүкіләлемдік экономикалық форум

Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) - Давостық форум - халықаралық үкіметтік емес ұйым. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан. Дәстүр бойынша БЭФ жыл сайын (әдетте қаңтардың соңында - ақпанның басында) швейцариялық таулы курорт Давоста (бейресми атауын осыдан алған) өткізіледі. 1971 ж. Швейцарияда еуропалық кәсіпкерлердің бейресми араласу клубы ретінде қүрылған. Кейінірек қатысушылар географиясы мен олар талқылайтын мәселелер ауқымы да кеңейді. Күн тәртібінде тек Еуропаны ғана емес, басқа да аймақтарды қамтитын саяси және экономикалық мәселелермен қатар, әлемдік сауда және жаһандық экономика мәселелері, дамушы елдердің қарыздарын өтеу мәселелері қарастырылады. БЭФ басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастыққа жәрдемдесу, әлемнің ғаламдық жағдайын жақсарту. БЭФ іскерлік, саяси, зияткерлік әріптестікті дамытуға септігін тигізеді және ғаламдық дамудың маңызды мәселелерін талқылауда әлемдік қауымдастықтың әзге де кәшбасшыларымен әріптестікті көздейді. Оның жүмысына мемлекет және үкімет басшылары, әлемдік бизнес көшбасшылары, кәрнекті ғалымдар, экономистер мен саясаттанушылар қатысады. Бүдан өзге БЭФ жыл сайын әлемнің эр елдерінде аймақтық және үлттық саммиттер әткізеді. БЭФ-ның негізін қалаушы әрі президенті - К. Шваб; 2003 ж. оны германдық "Бертель- сманн" ірі медиаконцернінің басқарушысы Т. Миддельхофф алмастырды. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


Other Languages
беларуская (тарашкевіца)‎: Сусьветны эканамічны форум
Bahasa Indonesia: Forum Ekonomi Dunia
Lingua Franca Nova: Foro Economial Mundial
Bahasa Melayu: Forum Ekonomi Dunia
srpskohrvatski / српскохрватски: Svjetski ekonomski forum
Simple English: World Economic Forum