Бұл мақала славян тілдеріне жататын тіл туралы. Басқа, өлі тіл туралы мына мақаланы қараңыз
Бұлғар тілі.
Болгар тілі — (болгарша: български език) — Үндіеуропа тіл шоғырынндағы славян тілдерінің оңтүстік славян топшасына жататын тіл, болгарлардың ана тілі. Болгария Республикасының ресми тілі. Болгар тілінде кең көлемде көркем және ғылыми әдебиет жазылған. 2014 жылы әлемдегі болгар тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 9 миллион адамды құрады.
Көптеген славян тілдермен салыстырғанда болгар тілінде септіктер жоғалған десе де болады, есесіне белгілі және белгісіздік артикльдері[1] және де «нөлдік» деп аталатын артикль қолданылады. Болгар тілі мен оған бауырлас македон тілінен өзге славян тілдерінде артикль жоқ.
Лексикасы жағынан болгар тілі шіркеу славян тіліне едәуір жақын және онда әлі күнге дейін шығыс славян тілдерінде архаизм болып саналып кеткен көптеген сөздер бар. Тарихи себептерге байланысты болгар тілінде түркі тектес сөздер де көп кездеседі.
Болгарияның өз ішіндегі болгар тілі диалекттерінің таралу картасы