Балықтар

Балықтар
Қазбалық ауқымы: Mid Cambrian–Recent
Giant grouper swimming among schools of other fish
Giant grouper swimming among schools of other fish
Head-on view of a red lionfish
Head-on view of a red lionfish
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Кіші жамағаты:Омыртқалылар
Табы:Pisces
Кластары
A.
Карась балығы.

Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтархордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

A.
Атлантик-Ляхс балығы.

Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым.Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.[1]

Other Languages
Аҧсшәа: Аҧсыӡ
Acèh: Eungkôt
Afrikaans: Vis
Alemannisch: Fische
አማርኛ: ዓሣ
aragonés: Pisces
Ænglisc: Fisc
العربية: سمك
مصرى: سمك
অসমীয়া: মাছ
asturianu: Pexe
Atikamekw: Names
Aymar aru: Challwa
azərbaycanca: Balıqlar
تۆرکجه: بالیقلار
башҡортса: Балыҡтар
Boarisch: Fiisch
žemaitėška: Žovis
беларуская: Рыбы
беларуская (тарашкевіца)‎: Рыбы
български: Риба
Bislama: Fis
Bahasa Banjar: Iwak
বাংলা: মাছ
བོད་ཡིག: ཉ།
brezhoneg: Pesk
bosanski: Ribe
буряад: Загаһан
català: Peixos
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Ngṳ̀
Cebuano: Isda
ᏣᎳᎩ: ᎠᏣᏗ
کوردی: ماسی
Nēhiyawēwin / ᓀᐦᐃᔭᐍᐏᐣ: ᓇᒣᔅ
qırımtatarca: Balıq
kaszëbsczi: Rëbë
Чӑвашла: Пулă
Cymraeg: Pysgodyn
dansk: Fisk
Deutsch: Fische
Zazaki: Mase
dolnoserbski: Ryby
Ελληνικά: Ψάρι
English: Fish
Esperanto: Fiŝoj
español: Pez
eesti: Kalad
euskara: Arrain
فارسی: ماهی
suomi: Kala
Võro: Kala
Na Vosa Vakaviti: Ika
føroyskt: Fiskur
français: Poisson
Nordfriisk: Fasker
Frysk: Fisken
Gaeilge: Iasc
贛語:
Gàidhlig: Iasg
galego: Peixes
Avañe'ẽ: Pira
Bahasa Hulontalo: Uponula
ગુજરાતી: માછલી
Gaelg: Eeast
Hausa: Kifi
客家語/Hak-kâ-ngî: Ǹg-è
עברית: דג
हिन्दी: मछली
Fiji Hindi: Machhri
hrvatski: Ribe
hornjoserbsce: Ryby
Kreyòl ayisyen: Pwason
magyar: Halak
Հայերեն: Ձկներ
interlingua: Pisce
Bahasa Indonesia: Ikan
Iñupiak: Iqaluk
Ilokano: Ikan
ГӀалгӀай: Чкъаьрий
Ido: Fisho
íslenska: Fiskur
italiano: Pesce
ᐃᓄᒃᑎᑐᑦ/inuktitut: ᐃᖃᓗᒃ
日本語: 魚類
Patois: Fish
la .lojban.: finpe
Basa Jawa: Iwak
ქართული: თევზები
Qaraqalpaqsha: Balıq
Kabɩyɛ: Kpakpayaɣ
ಕನ್ನಡ: ಮೀನು
한국어: 물고기
Ripoarisch: Fesch
kurdî: Masî
коми: Чери
kernowek: Pysk
Кыргызча: Балык
Latina: Piscis
Ladino: Pishkados
Lëtzebuergesch: Fësch
лакку: Чавахъ
Lingua Franca Nova: Pex
Limburgs: Vèsse
lumbaart: Pès
lingála: Mbísi
lietuvių: Žuvys
latviešu: Zivis
Malagasy: Hazandrano
олык марий: Кол
Baso Minangkabau: Ikan
македонски: Риби
മലയാളം: മത്സ്യം
монгол: Загас
मराठी: मासा
кырык мары: Кол
Bahasa Melayu: Ikan
မြန်မာဘာသာ: ငါး (တိရစ္ဆာန်)
эрзянь: Калт
Dorerin Naoero: Iy
Nāhuatl: Michin
Napulitano: Pisce
Plattdüütsch: Fisch
Nedersaksies: Visk
नेपाली: माछा
नेपाल भाषा: न्या
Nederlands: Vissen (dieren)
norsk nynorsk: Fisk
norsk: Fisk
Nouormand: Paîsson
occitan: Peis
ଓଡ଼ିଆ: ମାଛ
Ирон: Кæсæгтæ
ਪੰਜਾਬੀ: ਮੱਛੀ
Kapampangan: Asan
Picard: Pichon
polski: Ryby
پنجابی: مچھی
português: Peixe
Runa Simi: Challwa
română: Pește
armãneashti: Pescu
русский: Рыбы
русиньскый: Рыбы
संस्कृतम्: मत्स्याः
саха тыла: Балык
sicilianu: Pisci
Scots: Fish
سنڌي: مڇي
srpskohrvatski / српскохрватски: Riba
සිංහල: මාළු
Simple English: Fish
slovenščina: Ribe
chiShona: Hove
Soomaaliga: Malaay
shqip: Peshqit
српски / srpski: Рибе
Sranantongo: Fisi
Basa Sunda: Lauk
svenska: Fiskar
Kiswahili: Samaki
ślůnski: Ryby
தமிழ்: மீன்
ತುಳು: ಮೀನ್
తెలుగు: చేప
тоҷикӣ: Моҳӣ
ไทย: ปลา
Tagalog: Isda
Türkçe: Balık
татарча/tatarça: Балыклар
удмурт: Чорыг
українська: Риби
اردو: مچھلی
oʻzbekcha/ўзбекча: Baliqlar
vèneto: Pesi
vepsän kel’: Kalad
Tiếng Việt:
West-Vlams: Visschn
walon: Pexhon
Winaray: Isda
吴语:
хальмг: Заһсн
isiXhosa: Intlanzi
მარგალური: ჩხომი
ייִדיש: פיש
Vahcuengh: Duzbya
中文:
文言:
Bân-lâm-gú:
粵語: