Байкөл
English: Lake Baikal

Байкөл
Үлгі:Lang-bxr, орыс. Байкал
Olchon Shaman Rock.jpg
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі456—457 м
Өлшемі636 × 79,5 км
Ауданы31 722 км²
Көлемі23 615 км³
Жағалау сызығының ұзындығы2000 км
Тереңдігі1642 м
Орташа тереңдігі744,4 м
Гидрология
Судың тұздылығы0,120 ‰[1]
Судың мөлдірлігі40 м
Су алабы
Суды жинау ауданы571 000 км²
Құятын өзендерСеленга, Жоғарғы Ангара, Баргузин
Орналасуы
53°13′00″ с. е. 107°45′00″ ш. б. / 53.2167° с. е. 107.75° ш. б. / 53.2167; 107.75 (G) (O) (O) (Я)
Ел Ресей
АймақИркутск облысы
АуданАнгара
Байкөл (Ресей)
Blue pog.svg
Байкөл
Commons-logo.svg Байкөл Ортаққорда

Байкөл (көнетүркіше bay köl — бай көл; кейде Байкал дейді, орыс. Байкал) — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды.

Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Жағасы аз тілімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метрге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтарыБаргузин, Чыркуй, Провал, ірі түбегі — Әулие Тұмсық. Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т.б. Бір ғана Ангара өз. ағып шығады. Байкалға құйылатын судың 50%-ы Селенга өзенінен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы 70 — 115 см-ге дейін барады. Суы өте мөлдір (40 м тереңдіктен көл түбін көруге болады), әрі оттегіне бай. Байкалда жануарлардың 1800, өсімдіктің 600 түрі кездеседі. Жануарлардың 82%-ы эндемиктер (байкал итбалығы, тірі туатын голомянка балығы, байкал түркесі, т.б.). Кәсіптік маңызы бар омул, хариус, т.б. балықтар ауланады. Байкал, Усть-Баргузин, Нижнеангарск порттары аралығында кеме қатынайды. Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.[2]

Дереккөздер

  1. Галазий Г. И. Байкал в вопросах и ответах — 1989.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Other Languages
Afrikaans: Baikalmeer
Alemannisch: Baikalsee
aragonés: Laco Baikal
العربية: بحيرة بايكال
অসমীয়া: বৈকাল হ্ৰদ
asturianu: Llagu Baikal
azərbaycanca: Baykal
تۆرکجه: بایکال گؤلو
башҡортса: Байкал
Boarisch: Baikalsee
žemaitėška: Baikals (ežers)
беларуская: Байкал
беларуская (тарашкевіца)‎: Байкал
български: Байкал
भोजपुरी: बैकाल झील
brezhoneg: Lenn Baikal
буряад: Байгал
català: Baikal
нохчийн: Байкал
čeština: Bajkal
Чӑвашла: Байкал
Cymraeg: Llyn Baikal
Deutsch: Baikalsee
dolnoserbski: Bajkal
ދިވެހިބަސް: ބައިކަލް ކުޅި
Ελληνικά: Βαϊκάλη
English: Lake Baikal
Esperanto: Bajkalo
español: Lago Baikal
euskara: Baikal
føroyskt: Bajkalvatn
français: Lac Baïkal
Frysk: Baikalmar
Gaeilge: Loch Baikal
Gàidhlig: Loch Baikal
galego: Lago Baikal
עברית: ימת באיקל
हिन्दी: बयकाल झील
Fiji Hindi: Lake Baikal
hornjoserbsce: Bajkal
magyar: Bajkál-tó
հայերեն: Բայկալ լիճ
Արեւմտահայերէն: Պայքալ Լիճ
interlingua: Laco Baikal
Bahasa Indonesia: Danau Baikal
Ilokano: Danaw Baikal
Ido: Baikal
íslenska: Bajkalvatn
italiano: Lago Bajkal
日本語: バイカル湖
la .lojban.: baikal. zei lalxu
ქართული: ბაიკალი
한국어: 바이칼호
kernowek: Lydn Baikal
Кыргызча: Байкал көлү
Latina: Lacus Baical
лезги: Байкал
Lingua Franca Nova: Lago Baical
lietuvių: Baikalo ežeras
latviešu: Baikāls
мокшень: Байкал
олык марий: Байкал
македонски: Бајкалско Езеро
монгол: Байгал нуур
кырык мары: Байкал
Bahasa Melayu: Tasik Baikal
Mirandés: Lago Baikal
မြန်မာဘာသာ: ဘိုင်ကယ်အိုင်
مازِرونی: بایکال
Dorerin Naoero: Baykal
नेपाल भाषा: बैकाल पुखू
Nederlands: Baikalmeer
norsk nynorsk: Bajkalsjøen
occitan: Lac Baikal
Livvinkarjala: Baikal
Ирон: Байкал
ਪੰਜਾਬੀ: ਬਾਈਕਾਲ ਝੀਲ
polski: Bajkał
Piemontèis: Lagh Bajkal
پنجابی: جھیل بیکال
português: Lago Baikal
Runa Simi: Paygal qucha
română: Lacul Baikal
tarandíne: Laghe Bajkal
русский: Байкал
русиньскый: Байкал
саха тыла: Баай күөл
sicilianu: Lacu Baikal
srpskohrvatski / српскохрватски: Bajkalsko jezero
Simple English: Lake Baikal
slovenčina: Bajkalské jazero
slovenščina: Bajkalsko jezero
српски / srpski: Бајкалско језеро
svenska: Bajkalsjön
Kiswahili: Baikal
тоҷикӣ: Байкал
Türkmençe: Baýkal
Türkçe: Baykal Gölü
татарча/tatarça: Байкал
удмурт: Байкал
українська: Байкал
oʻzbekcha/ўзбекча: Baykal
vèneto: Ƚago Baicàl
vepsän kel’: Baikal
Tiếng Việt: Hồ Baikal
Winaray: Danaw Baikal
吴语: 贝加尔湖
მარგალური: ბაიკალი
中文: 贝加尔湖
Bân-lâm-gú: Baykal Ô͘
粵語: 貝加爾湖