Ақ сақа

Ақ сақа (Сичи)көлдер мен өзендерде және теңіздің суы тұщыланған аудандарында өсетін балықтар тобы, оларға ақ сақалар, сылан (пальма), түрке (омуль), чир, мұқсын, көкшұбар (ропушка), тугун т. б. балықтар жатады. Ақ сақалар Солтүстік пен Сібір суларында, сондай-ақ Латвия мен Литва көлдерінде, Алтайлық өзендері мен көлдерінде, Байқалда көп кездеседі.

Түрке, Сібір өзендерінің сағаларында (Обьтан басқасында), Байқал көлінде және Алтай өзендерінде көп тараған. Салмағы 500 грамнан 2 кг-ға дейін. Сондай-ақ пайка, Байқал ақ сақаларының да салмақтары осындай болады. Нева өзені мен Финн шығанағын мекендейтін нева ақ сақасы ауланады. Волхов ақ сақасы мен лудотаны және валаамканы Ладога мен Онега көлдерінен, Чудь ақ сақасын Чудь көлінен аулайды. Бұл аталған балықтардың салмағы 400 грамнан 2 килограмға дейін болады.

Ақ сақа балықтарының ішіндегі ең ірілері сылан (нельма) мен ақ балық (салмақтары 50 килограмға дейін жетеді). Сылан Солтүстік Мұзды мұхиты бассейнінің өзендерінде көп тараған (Обь, Енисей, Лена, Печора, Анадыр). Салмағы 7—10 кг. Ақ балық өте сирек кездеседі. Чир балығы етінің дәмділігі жағынан сылан мен ақ балыққа жақын. Ол Сібір өзендерінде кездеседі. Салмағы 3—5 кг. Сондай-ақ Сібір өзендерінен майқан (ленок) мен таймень балықтарын аулайды. Таймень ірі балық (салмағы 10 килограмнан 100 килограмға дейін), ал майқан тайменьге қарағанда ұсақ (салмағы 2—4 кт), денесінде үлкен теңбілі бар. Ақ сақа балықтарының ішіндегі ең ұсағы — тугун балығы, ол Сібір өзендері мен көлдерін мекендейді. Салмағы 10—30 г. Сыртқы бейнесі майшабақтарға ұқсас, бірақ оның жонымен, ондағы май қанаттары жалпақтау болып келеді. Оны әдетте тұздал, дәмін келтіріп жейді. Ұсақ ақ сақаларға көкшұбар балықтары жатады. Европалық көкшұбар балықтары Ақ теңіз бен Балтық теңіздері бассейнінің көлдерінде кездеседі. Салмағы 25—35 г. Ладога көлінен ауланатын көкшұбар балығының салмағы 180 г, ал Онега көлінен ауланатын кислең балығының салмағы 500—600 г. Солтүстік пен Сібір өзендерінде сібір көкшұбар балығы кездеседі (салмағы 150—250 г). Ақ сақа балықтарының көпшілігінен сирек кездесетін ысталған және тұздалған тағамдар жасайды. Сыланның, таймень мен майқаның (ленок) етінен неше түрлі балық тағамдарын жасауға болады. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


Other Languages
Alemannisch: Felchen
العربية: كورجون
azərbaycanca: Siqi
башҡортса: Алабалыҡ
català: Coregonus
Cebuano: Coregonus
čeština: Síh
Deutsch: Coregonus
English: Coregonus
Esperanto: Koregono
español: Coregonus
euskara: Coregonus
فارسی: سفیدماهی
suomi: Coregonus
français: Coregonus
galego: Coregonus
Հայերեն: Սիգ
italiano: Coregonus
ქართული: სიგი
lietuvių: Sykai
Nederlands: Coregonus
polski: Coregonus
română: Coregonus
русский: Сиги
саха тыла: Майаҕастар
svenska: Sikar (fisk)
Türkçe: Coregonus
українська: Сиг
Tiếng Việt: Chi Cá hồi trắng
Winaray: Coregonus