Археология

Gran Dolinaға қазбалар (Атапуэрка, Испания)

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі қазбалар

1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.[1]

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
Other Languages
Afrikaans: Argeologie
Alemannisch: Archäologie
አማርኛ: ሥነ ቅርስ
aragonés: Arqueolochía
العربية: علم الآثار
asturianu: Arqueoloxía
azərbaycanca: Arxeologiya
башҡортса: Археология
Boarisch: Archäologie
žemaitėška: Arkeuoluogėjė
беларуская: Археалогія
беларуская (тарашкевіца)‎: Археалёгія
български: Археология
brezhoneg: Arkeologiezh
bosanski: Arheologija
català: Arqueologia
Cebuano: Arkeyolohiya
čeština: Archeologie
kaszëbsczi: Archeòlogijô
Cymraeg: Archaeoleg
dansk: Arkæologi
Deutsch: Archäologie
Zazaki: Arkeolociye
Ελληνικά: Αρχαιολογία
emiliàn e rumagnòl: Archeologî
English: Archaeology
Esperanto: Arkeologio
español: Arqueología
euskara: Arkeologia
estremeñu: Arqueologia
suomi: Arkeologia
français: Archéologie
furlan: Archeologjie
Frysk: Archeology
Gàidhlig: Àrc-eòlas
galego: Arqueoloxía
客家語/Hak-kâ-ngî: Kháu-kú-ho̍k
hrvatski: Arheologija
Kreyòl ayisyen: Akeyoloji
magyar: Régészet
interlingua: Archeologia
Bahasa Indonesia: Arkeologi
Interlingue: Archeologia
íslenska: Fornleifafræði
italiano: Archeologia
日本語: 考古学
Basa Jawa: Arkéologi
ქართული: არქეოლოგია
Qaraqalpaqsha: Arxeologiya
kalaallisut: Ittarnisarsiorneq
ភាសាខ្មែរ: បុរាណវិទ្យា
한국어: 고고학
kurdî: Arkeolojî
Кыргызча: Археология
Latina: Archaeologia
Ladino: Arkeolojiya
Lëtzebuergesch: Archeologie
Lingua Franca Nova: Arceolojia
Limburgs: Archeologie
Ligure: Archeologia
lietuvių: Archeologija
latviešu: Arheoloģija
олык марий: Археологий
македонски: Археологија
монгол: Археологи
Bahasa Melayu: Arkeologi
Mirandés: Arqueologie
Napulitano: Archeologgia
Plattdüütsch: Archäologie
Nedersaksies: Ooldheaidkeunde
नेपाल भाषा: पुरातत्व
Nederlands: Archeologie
norsk nynorsk: Arkeologi
norsk: Arkeologi
Nouormand: Archéologie
occitan: Arqueologia
Livvinkarjala: Arheolougii
Picard: Arkéolodjie
polski: Archeologia
português: Arqueologia
română: Arheologie
русский: Археология
русиньскый: Археолоґія
саха тыла: Археология
sicilianu: Archioluggìa
srpskohrvatski / српскохрватски: Arheologija
Simple English: Archaeology
slovenčina: Archeológia
slovenščina: Arheologija
српски / srpski: Археологија
Basa Sunda: Arkéologi
svenska: Arkeologi
Kiswahili: Akiolojia
tetun: Akarolojia
Türkmençe: Arheologiýa
Tagalog: Arkeolohiya
Tok Pisin: Akiolosi
Türkçe: Arkeoloji
українська: Археологія
اردو: آثاریات
oʻzbekcha/ўзбекча: Arxeologiya
vèneto: Archiołogia
Tiếng Việt: Khảo cổ học
West-Vlams: Archeologie
Volapük: Vönotav
Winaray: Arkeyolohiya
მარგალური: არქეოლოგია
ייִדיש: ארכעאלאגיע
Zeêuws: Archeolohie
中文: 考古学
Bân-lâm-gú: Khó-kó͘-ha̍k
粵語: 考古