Аполлон (ғарыш кемелері)

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Аполлон деген бетті қараңыз.

«Аполлон-11»-дің старты, 16 шілде 1969 жыл

Аполлон (ағылш. Ароllо; гр. Ἀπόλλων — жарық құдайы) — адамның басқаруымен Жер төңірегінде және Айға Аполлон (ғарыш бағдарламасы) бойынша сапар жасауға арналған Американың топтамалы үш кісілік ғарыш кемелерінің, сондай-ақ кенес ғарыш кемесімен «Союз-19» ғарышта түйіскен ( "Аполлон-Союз" экперименталдық жоба") 3-орындық басқарылатын ғарыш кемелерінің аты.

1968 жылдан 1975 жылға дейін 15 ғарыш кемесі 38 астронавтпен ғарышқа ұшырылған. Оның ішінде алтауы Айға экспедиция жасаған: 1969 жыл - 1972 жыл - Аполлон 11, Аполлон 12, Аполлон 14, Аполлон 15, Аполлон 16, Аполлон 17. Айға 12 астронавтты жеткізген.

1969 жылы алғашқы Айға қону «Аполлон 11»-де орындалған, астронавттары: Н. Армстронг, Б. Олдрин.

Жалпы сипаттамасы

Ғарыш кемсінің отсектері:
"command module" - экипаж кабинасы;
"service module" - негізгі блок;
"lunar module" - Ай отсегінің ұшатын бөлігі.

«Аполлон» негізгі бөлік пен Ай кабинасынан тұрады. Біріншісі үш астронавты Айдың селеноцентрлік орбитасына және Жерге, екіншісі олардың екеуін селенцентрлік орбитадан Ай бетіне, одан қайта сол биіктікке жеткізуге арналған.

Экипаж кабинасы
Негізгі блок
Айға қону бөлігі
Ай отсегінің ұшатын бөлігінің бейнесі.

Негізгі бөлік экипаж бөлімі мен қозғалтқыш бөлімінен тұрады, экипаж бөлімі суға қонуға лайықталған, ал кездейсоқ қажет жағдайда құрғақ далаға табан тірейтін тіректері бар. «Аполлоның» ең салмақтысы 47 т. Ай кабинасы 14,7 т. Кеменің тұтас ұзындығы 17,68 м, Ай кабинасыныкі 6,98 м, екеуінің де диам. 4,29 м. Кемедегі 20 жүйе пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Негізгі бөліктің байланыс құрылымы сантиметрлік, метрлік және қысқа толқындарда жұмыс жасайтын жүйелерден тұрады, ол радиолокациялық қабылдауыш және таратқышпен жабдықталған.

Астронаутар тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде 16 тәулікке жететін ауа, су мен тамақ болады. Жалпы массасы 460 кг келетін ол ортада 21—27 °C тұрақты температура сақталып тұрады. Ғарышқа ұшып шыққаннан кейін кабинадағы оттегі көбейтіледі (98 % оттегі, 2% азот), ауаның қысымы 0,035 — 0,039 мПа, ылғалдығы 40—70%-ке реттеледі. Арнайы амортизаторларға ілінген орындықтары әр түрлі қалыпта бекітілетін креслоларға астронавтар (сол жақ шетте кеме басшысы, ортада бірінші үшқыш, онан кейін екінші ұшқыш) жайғасады.

Ай кабинасы қонатын және ұшатын сатылардан тұрады. Қонатын саты, экипаж кері аттанғанда, ұшып шығатын алаңша қызметін атқарып, Ай бетінде қалады. Ай кабинасына екі астронавт орналасады. Онда бірі жоғары, екіншісі алға қараған екі люк бар.

Жоғарғысы астронавтардың экипаж бөлімінен Ай кабинасына, онан кейін қарай өтуге, алдыңғысы қонғаннан соң Ай бетіне түсіп, қайта мінуге арналған. Ай кабинасының барлық жүйесі пультпен байланыстырылған орталық есептеу машинасымен басқарылады. Соңғы ұшқан үш «Аполлон» кемелерінде Ай бетінде астронавтар зерттеулер жүргізетін екі кісілік көлік болды. «Аполлон» ғарыш кемелерін ұшыру «Saturn-IB» («A.-i» — "A.-3 ", «А.-5», «А.-7») және «Skylab» пен ЭПАС бағдарламалары бойынша, «Saturn-5» («А.-4», «А.-6», «А.-8» — «A.- 17») зымыран тасығыштарымен жүзеге асырылды.[1]

Other Languages