Анкилозаврлар

Ankylosaurs
Қазбалық ауқымы: 200–65.5 MaEarly Jurassic - Late Cretaceous
Life restoration of nodosaurid Edmontonia rugosidens
Life restoration of nodosaurid Edmontonia rugosidens
Ғылыми топтастыруы

Анкилозаврлар (Ankylosaurіa) – бауырымен жорғалаушылардың құсжамбасты динозаврлар отрядының жойылып кеткен бір тармағы. Анкилозаврларды кейде сауытты динозаврлар деп атайды. Олардың қазба қаңқа қалдықтары Батыс Еуропадағы юра, Солтүстік Америка мен Австралияның бор кезеңдерінің шөгінді жыныстарының құрамынан табылған. 2 тұқымдасы, 25-ке жуық туысы, 40 түрі анықталған. Дене тұрқы 10 – 15 м, денесі мен басы сауытты тақташалармен және қалқаншалармен қапталған. Анкилозаврлардың шат сүйектері екіге тармақталып бір-бірімен байланыспайтын ерекшелігіне қарап, ашық құсжамбастылар деп атаған. Жақ сүйектерінің алдыңғы шетінде тістері болмайды, тек мүйізді тұмсық пішінде сақталып қалған. Олар төрт аяқтарымен жүріп тіршілік еткен. Өсімдіктермен қоректенген. Қазақстанда Анкилозаврлардың қазба қалдықтары Орталық Қазақстан мен Қызылқұм өңірлерінен табылған.[1]

  • Сілтеме

Сілтеме

  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Other Languages
Afrikaans: Ankylosauria
العربية: أنكيلوصوريات
azərbaycanca: Ankilozavrlar
беларуская: Анкілазаўры
brezhoneg: Ankylosauria
Cebuano: Ankylosauria
čeština: Ankylosauria
Deutsch: Ankylosauria
English: Ankylosauria
Esperanto: Ankilosaŭruloj
español: Ankylosauria
euskara: Ankylosauria
français: Ankylosauria
hrvatski: Ankylosauria
magyar: Ankylosauria
italiano: Ankylosauria
日本語: 曲竜類
한국어: 곡룡류
lietuvių: Ankylosauria
Nederlands: Ankylosauria
polski: Ankylozaury
português: Ankylosauria
русский: Анкилозавры
srpskohrvatski / српскохрватски: Ankilosauri
Simple English: Ankylosauria
slovenčina: Ankylosaury
svenska: Ankylosaurier
Tagalog: Ankylosauria
Türkçe: Ankylosauria
татарча/tatarça: Анкилозаврлар
українська: Анкілозаври
Tiếng Việt: Khủng long bọc giáp
中文: 甲龙亚目