Аналық жыныс жасушасы

Адамның аналық тұқым жасушасы

Аналық тұқым жасушасы , Аналық жыныс жасушасы (лат. ovum — жұмыртқа, грек. kutos — жасуша) — аталық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын тұқым жасушасы (овоцит).


Аналық тұқым жасушасы төм. сатыдағы өсімдіктерде пісіп жетіледі. Оны оогония деп, ал жоғ. сатыдағы өсімдіктердің Аналық тұқым жасушасын архегония деп атайды (қ. Архегоний). Аналық тұқым жасушасы жануарларда аналық безде дамиды. Аналық тұқым жасушасының цитоплазмасындағы қоректік зат (сары уыз) мөлш. жануарлардың әртүрлі тобында түрліше деңгейде жиналады. Осыған байланысты овоциттердің диам. 100 мкм-нен бірнеше мм-ге дейін жетеді. Ал жиналған сары уыздың мөлшеріне байланысты Аналық тұқым жасушасын олиголецитальды, мезолецитальды, полилецитальды деп 3 топқа бөледі. Сары уыз олиголецитальды Аналық тұқым жасушасында аз (мыс., ланцетниктер мен сүт қоректілерде); мезолецитальды Аналық тұқым жасушасында орташа; полилецитальды Аналық тұқым жасушасын да (мыс., қосмекенділер мен балықтарда) көп мөлшерде жиналады. Ағзадағы Аналық тұқым жасушасы ядродан, цитоплазмадан және қабықшалардан тұрады. Жыныстық көбеюде аналық және аталық тұқым жасушаларының қосылуынан пайда болатын зигота жасушасынан жаңа организм дамиды. Аналық тұқым жасушасының тұқым қуалау белгілерін ұрпақтарға таратуда маңызы зор.

Illu ovaryb.jpg

Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады. Аналық жыныс жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе жүмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде (ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың көп қоры керек емес, ал ұрығы жүмыртқада дамитын жануарлар жыныс жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады. Сарыуыздың мөлшеріне және жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу сипатына сөйкес жұмыртқа жасушасы бірнеше түрге бөлінеді. Сарыуыздың мөлшеріне қарай аналық жыныс жасушасы: олиголецитті овоцит (сарыуызы аз), мезолецитті овоцит (сарыуызы орташа) және полилецитті овоцит (сарыуызы көп) болып үш топқа бөлінеді. Ал сарыуыздың жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу орны мен оның цитоплазмадағы таралуына байланысты аналық жыныс жасушалары: гомолецитті овоцит (сарыуызы цитоплазмада біркелкі таралған) және телолецитті овоцит (сарыуызы торша цитоплазмасының төменгі полюсінде — көп, жоғарғы полюсінде — аз) болып бөлінеді. Сүтқоректілер мен қандауьфшада (ланцетникге) аналық жыныс жасушасы: олиголецитті және гомолецитті овоцит тер, қосмекенділер мен кейбір балықтарда — мезолецитті және телолецитті овоцит тер, ал бауырымен жорғалаушыларда, құстар да, жұмыртқа салушы сүтқоректілерде (ехидна, үйректүмсық) — полилецитгі және телолецитті овоцит тер. Пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы ядросының ядрошығы ірі болып келеді. Ядрошық рибосомалар мен РНҚ-ның түзілуіне белсенді қатысады. Сүтқоректілер аналық жыныс жасушасын сыртынан біріншілік қабық ша — плазмолемма (сарыуыз қабық шасы) және оның сыртыңдағы екіншілік - фолликулалы қабық ша (аналық жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының туындысы) қаптайды. Бұлардың аралығында мөлдір аймақ болады. Құстардың , бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректі жануарлардың аналық жыныс жасушасы біріншілік және үшіншілік (жүмыртқа жолының өнімдері - ақуыз , әк қабық асты жұқа қабық , әк қабық ) қабықшалармен қапталған. Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы — " овоцит ". Жұмыртқа жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (жасуша орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді. Қар. Жұмыртқа жасушасы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9


Other Languages
Alemannisch: Eizelle
العربية: بويضة
asturianu: Óvulu
azərbaycanca: Yumurta (hüceyrə)
беларуская: Яйцаклетка
беларуская (тарашкевіца)‎: Заплодкавая вуза
български: Яйцеклетка
বাংলা: ডিম্বাণু
brezhoneg: Viell
bosanski: Jajna ćelija
català: Òvul
کوردی: ھێلکۆکە
čeština: Vajíčko
Deutsch: Eizelle
Ελληνικά: Ωάριο
English: Egg cell
español: Óvulo
eesti: Munarakk
euskara: Obulu
فارسی: تخمک
suomi: Munasolu
français: Ovule
Gaeilge: Ubhán
galego: Óvulo
ગુજરાતી: અંડ કોષ
עברית: ביצית
हिन्दी: डिम्ब
hrvatski: Jajna stanica
հայերեն: Ձվաբջիջ
interlingua: Ovo
Bahasa Indonesia: Sel telur
íslenska: Eggfruma
italiano: Ovulo (gamete)
日本語: 卵細胞
Basa Jawa: Sèl endhog
한국어: 난자
Кыргызча: Энелик клетка
lietuvių: Kiaušialąstė
latviešu: Olšūna
македонски: Јајце клетка
മലയാളം: അണ്ഡം
Bahasa Melayu: Ovum
Nederlands: Eicel
norsk nynorsk: Eggcelle
norsk: Eggcelle
occitan: Ovul
ଓଡ଼ିଆ: ଡିମ୍ବାଣୁ
português: Óvulo
Runa Simi: Runtucha
română: Ovul
русский: Яйцеклетка
Scots: Egg cell
srpskohrvatski / српскохрватски: Jajna ćelija
Simple English: Ovum
slovenčina: Vajcová bunka
slovenščina: Jajčece
chiShona: Dowokadzi
српски / srpski: Јајна ћелија
Basa Sunda: Ovum
svenska: Äggcell
Kiswahili: Ova
Tagalog: Ovum
татарча/tatarça: Күкәй күзәнәк
українська: Яйцеклітина
oʻzbekcha/ўзбекча: Tuxumhujayra
Tiếng Việt: Noãn
Winaray: Ovum
中文: 卵细胞
Bân-lâm-gú: Loán-sè-pau
粵語: