Амфитеатр

Римдегі Арле амфитеатрінң ішкі көрінісі

Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап, Көне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері Римнен ( Колизей), Веронадан, Помпейден, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі Италияның), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар. [1]

Колизей

Амфитеатр — геоморфологияда — беткейлердің жарты шеңберленіп тұйықталуы. Пайда болуы жағынан мұздықтық (цирктер, карлар, морена шеттерінің белдері), жылжымалы (жылжымалы массаның үзілген шұңқыры) немесе жанартаулық (кальдерлер) болып бөлінеді. [2]

Амфитеатр ( грек. атрһі — екі жақтан, айнала; theatron — ойын-сауық көрсетілетін орын)— Ежелгі Грекия театрларында шоқылар баурайына жартылай шеңбер сияқты айналдыра салынған көрермендер орны. Ежелгі Римде — гладиаторлық шайқастарға және тағы аңдарды қуып ұстауға арналған үсті ашық ғимарат, мұнда көрермендер орны ортадағы сопақша аренаны қоршалай сатылап орналасқан.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Other Languages
العربية: مسرح روماني
azərbaycanca: Amfiteatr
беларуская: Амфітэатр
български: Амфитеатър
brezhoneg: Amfiteatr
bosanski: Amfiteatar
català: Amfiteatre
čeština: Amfiteátr
Cymraeg: Amffitheatr
dansk: Amfiteater
Deutsch: Amphitheater
Ελληνικά: Αμφιθέατρο
English: Amphitheatre
Esperanto: Amfiteatro
español: Anfiteatro
eesti: Amfiteater
euskara: Anfiteatro
فارسی: تماشاخانه
Frysk: Amfiteater
Gaeilge: Aimfitéatar
galego: Anfiteatro
hrvatski: Amfiteatar
magyar: Amfiteátrum
Հայերեն: Ամֆիթատրոն
Bahasa Indonesia: Amfiteater
italiano: Anfiteatro
ქართული: ამფითეატრი
한국어: 원형극장
Kurdî: Amfîtiyatro
Lëtzebuergesch: Kategorie:Amphitheateren
lietuvių: Amfiteatras
latviešu: Amfiteātris
македонски: Амфитеатар
Bahasa Melayu: Perani
Nederlands: Amfitheater
norsk nynorsk: Amfiteater
norsk: Amfiteater
polski: Amfiteatr
português: Anfiteatro
Runa Simi: Tumay aranwa
română: Amfiteatru
русский: Амфитеатр
srpskohrvatski / српскохрватски: Amfiteatar
Simple English: Amphitheatre
slovenščina: Amfiteater
српски / srpski: Амфитеатар
svenska: Amfiteater
ślůnski: Amfityjater
Türkçe: Amfitiyatro
українська: Амфітеатр
oʻzbekcha/ўзбекча: Amfiteatr
中文: 圓形劇場