Аммоний

The NH4+ ion
Аммонийдің түзілуі

Аммоний, NH4+ – аммиактың судағы ерітіндісінде түзілетін атомдар тобы; бір зарядты катион. Тұрақсыз, қыздырғанда аммиакқа және суға ыдырайды. Мүсәтір спиртінің (NH4OH) және А. тұздарының құрамына кіреді.

  • Аммоний қосылыстары

Аммоний қосылыстары

Аммоний қосылыстары — құрамына аммоний тобы [NH(4] енетін хим. заттар. Олардың көпшілігі тұздарға жатады және аниондары бойынша аталады. Негізгілері — аммоний карбонаттары, аммоний нитраты, аммоний сульфаты, аммоний фосфаттары болып табылады. Аммоний карбонаттары — көмір қышқылының аммоний тұздары. Құрамына қарай бикарбонат немесе гидрокарбонат, карбонат және карбаминат болып жіктеледі. Карбонат аммиак ерітіндісіне көмір қышқыл газын жіберу арқылы алынады. Ол 20 С дейін қыздырғанда ыдырап, аммиак және бикарбонат түзеді. Аммонийдің басқа тұздарын алу үшін, шарап ашытқанда фермент әсерін күшейту үшін пайдаланылады. Аммоний нитраты — аммонийдің азот қышқылды тұзы, түссіз кристалды зат, 169,50С дейін қыздырғанда балқиды, одан жоғары темп-рада су және азотоксидін түзеп отырып айырылады. Суда ерігенде жылуды сіңіреді. Тыңайтқыш есебінде және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Аммоний сульфаты — күкірт қышқылды аммоний тұзы. Суда еритін кристалды зат. Күкірт қышқылына аммиакты жіберу арқылы немесе гипсті аммиак және көмір қышқылымен әрекеттестіріп алады. Аммоний сульфаты — азот тыңайтқыштарының бірі. Аммоний фосфаттары — аммонийдің фосфор қышқылды тұздары. Олар фосфор қышқылы аммиакпен әрекеттескенде түзіледі. Аммоний фосфаттары құрамында азоты және фосфоры бар күрделі тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Other Languages
Afrikaans: Ammonium
العربية: أمونيوم
تۆرکجه: آمونیوم
беларуская: Амоній
български: Амоний
bosanski: Amonij
català: Amoni
Deutsch: Ammonium
Ελληνικά: Αμμώνιο
English: Ammonium
Esperanto: Amonio
español: Amonio
eesti: Ammoonium
euskara: Amonio
فارسی: آمونیوم
français: Ammonium
Gaeilge: Amóiniam
हिन्दी: अमोनियम
hrvatski: Amonij
Հայերեն: Ամոնիում
Bahasa Indonesia: Amonium
Ido: Amonio
italiano: Ammonio
ქართული: ამონიუმი
한국어: 암모늄 이온
latviešu: Amonija jons
Nederlands: Ammonium
norsk nynorsk: Ammonium
norsk: Ammonium
ਪੰਜਾਬੀ: ਅਮੋਨੀਅਮ
polski: Jon amonowy
português: Amónio
română: Amoniu
русский: Аммоний
Simple English: Ammonium
slovenščina: Amonijev ion
Soomaaliga: Ammonium
српски / srpski: Amonijum
svenska: Ammonium
тоҷикӣ: Аммоний
Türkçe: Amonyum
українська: Амоній
oʻzbekcha/ўзбекча: Ammoniy
Tiếng Việt: Amoni
中文: