Америка Құрама Штаттары

Америка Құрама Штаттары
ағылш. United States of America
Flag of the United States.svgGreat Seal of the United States (obverse).svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «In God We Trust»
Әнұран: «The Star-Spangled Banner (Жұлдыздармен жарқыраған туымыз)» (тыңдау )
United States (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні4 шілде 1776 жыл (Ұлыбритания дан) (мойындауы 3 қыркүйек 1783 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліамерикандық ағылшын (де-факто)[* 1]
ЕлордаSeal of the District of Columbia.svg Вашингтон
Ірі қалаларыНью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Хьюстон, Филадельфия, Финикс, Сан-Антонио, Сан-Диего, Даллас Нью-Йорк, Чикаго, Майами, Бостон, Сиэтл, Сан-Франциско, Лас-Вегас, Атланта, Жаңа Орлеан, Сан-Хосе, Калифорния
Үкімет түріФедеративттік республика Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Уақытша
Сенат Төрағасы

Өкілдер палатасының спикері
АҚШ Жоғарғы Сотының Жоғарғы сот төрағасы
Дональд Трамп
Майк Пенс
Оррин Грант Хэтч

Пол Дэвис Райан
Джон Гловер Робертс
Мемлекеттік дінізайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 4-ші-орын
9 518 900 км² км²
6,76
Жұрты
• Сарап (2009)
Тығыздығы

313 232 044 адам (3-ші)
32 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

14,256 трлн $ $ (1-ші)
46 381 $
АДИ (2011)0,910 (өте жоғары) (4-ші)
ЭтнохоронимАмерикалық
ВалютасыАҚШ доллары (USD код 840)
Қосымша мәліметтер
ISO кодыUS
ХОК кодыUSA
Телефон коды+1
Уақыт белдеулеріUTC-5:00 UTC-10:00

Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²<[1][2][3] (әлемде 4-ші орын). Халқы — 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Географиясы

USA topo.jpg

Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Қаңтар айының орташа температурасы Аляскада –18°С, Орталық жазықтың солтүстігінде –24,8°С. Елдің оңтүстік-батысында қаңтар айының орташа температурасы 12°С-тан, Флорида түбегінде 20°С-қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы батыс жағалауда 14 – 22°С, шығыста 16 – 22°С-қа дейін ауытқиды, ал орталығындағы жазық өңірлерде 32°С-қа дейін көтеріледі. Батыс жарты шардағы ең жоғарғы температура Ажал аңғарында (56,7°С) байқалды. Жауын-шашынның мөлшері Алясканың жел өтіндегі тау беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 3000 – 4000 мм; шығыс және теңіз жағалауы белдемінде 1000 – 2000 мм; Орталық жазықта 600 – 900 мм, Ұлы жазықта – 400 – 600 мм, Мохаве шөлінде (Ажал аңғары) – 100 мм-ден де аз. Жауын-шашынның көп мөлшері Гавай аралдарында (10000 мм). Ең ірі өзендері: Миссисипи (ұзындығы Миссури саласымен бірге 6420 км), Огайо, Колорадо, Колумбия, Рио-Гранде, Юкон. Көпшілігі Атлант және Тынық мұхит алабына жатады. Дүние жүзіне әйгілі көлдер жүйесін елдің солтүстік-шығысындағы Ұлы көлдер құрайды (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Олардың барлығы бір-бірімен жалғасып, 245 мың км² аумақты алып жатыр. Эри мен Онтарио көлдерін байланыстыратын Ниагара сарқырамасы осы тұста орналасқан. АҚШ аумағында 270-ке жуық мемлекет қорғауындағы табиғи аймақтар (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, қорықтар) бар. Олардың ірілері: Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Гранд-Каньон, т.б.

АҚШ климаты біркелкі қоңыржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.

Other Languages
Alemannisch: USA
አማርኛ: አሜሪካ
aragonés: Estatos Unitos
مصرى: امريكا
Aymar aru: Istadus Unidus
žemaitėška: JAV
Bikol Central: Estados Unidos
беларуская (тарашкевіца)‎: Злучаныя Штаты Амэрыкі
भोजपुरी: अमेरिका
Bahasa Banjar: Amirika Serikat
বিষ্ণুপ্রিয়া মণিপুরী: তিলপারাষ্ট্র
Chavacano de Zamboanga: Estados Unidos de America
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Mī-guók
Tsetsêhestâhese: United States
Nēhiyawēwin / ᓀᐦᐃᔭᐍᐏᐣ: ᑭᐦᒋ ᒨᐦᑯᒫᓇᐢᑭᕀ
словѣньскъ / ⰔⰎⰑⰂⰡⰐⰠⰔⰍⰟ: Амєрїканьскꙑ Ѥдьнѥнꙑ Дрьжавꙑ
dansk: USA
Thuɔŋjäŋ: Pawuut Matiic
ދިވެހިބަސް: އެމެރިކާ
eʋegbe: United States
emiliàn e rumagnòl: Stat Unî
English: United States
Esperanto: Usono
español: Estados Unidos
estremeñu: Estaus Uníus
Na Vosa Vakaviti: United States
føroyskt: USA
français: États-Unis
arpetan: Ètats-Unis
贛語: 美國
गोंयची कोंकणी / Gõychi Konknni: अमेरिकेचीं संयुक्त राज्यां
Bahasa Hulontalo: Amerika Serikat
𐌲𐌿𐍄𐌹𐍃𐌺: 𐌰𐌼𐌰𐌹𐍂𐌹𐌺𐌰
客家語/Hak-kâ-ngî: Mî-koet
Fiji Hindi: United States
Kreyòl ayisyen: Etazini
Bahasa Indonesia: Amerika Serikat
Ido: Usa
íslenska: Bandaríkin
ᐃᓄᒃᑎᑐᑦ/inuktitut: ᐊᒥᐊᓕᑲ
la .lojban.: mergu'e
Kabɩyɛ: Etaazuunii
Gĩkũyũ: United States
kalaallisut: Naalagaaffeqatigiit
ភាសាខ្មែរ: សហរដ្ឋអាមេរិក
한국어: 미국
kernowek: Statys Unys
Lingua Franca Nova: Statos Unida de America
Luganda: Amerika
Basa Banyumasan: Amerika Serikat
Malagasy: Etazonia
Baso Minangkabau: Amerika Sarikat
Bahasa Melayu: Amerika Syarikat
Dorerin Naoero: Eben Merika
Plattdüütsch: USA
Nederlands: Verenigde Staten
norsk nynorsk: USA
norsk: USA
Sesotho sa Leboa: United States of America
Chi-Chewa: United States
Livvinkarjala: Amerikan Yhtysvallat
Pangasinan: Estados Unidos
Kapampangan: Estados Unidos
Deitsch: Amerikaa
Norfuk / Pitkern: Yunitid Staits
پنجابی: امریکہ
português: Estados Unidos
rumantsch: Stadis Unids
sicilianu: Stati Uniti
srpskohrvatski / српскохрватски: Sjedinjene Američke Države
Simple English: United States
slovenčina: Spojené štáty
Sranantongo: Kondre Makandrameki
Basa Sunda: Amérika Sarikat
svenska: USA
Kiswahili: Marekani
ไทย: สหรัฐ
Setswana: USA
Tok Pisin: Ol Yunaitet Stet
Xitsonga: Amerikha
chiTumbuka: United States
Twi: USA
reo tahiti: Fenua Marite
oʻzbekcha/ўзбекча: Amerika Qoʻshma Shtatlari
Tiếng Việt: Hoa Kỳ
Volapük: Lamerikän
吴语: 美国
Vahcuengh: Meijgoz
中文: 美国
文言: 美國
Bân-lâm-gú: Bí-kok
粵語: 美國
isiZulu: IMelika