Александр Мильеран

Александр Мильеран
Alexandre Millerand
Александр Мильеран
Лауазымы
Ту
Франция президенті
Үшінші республиканың 11-ші президенті
Ту
21 қыркүйек 1920 жылы —  13 маусым 1924 жылы
Ізашары: Поль Дешанель
Ізбасары: Гастон Думерг
Ту
Андорра князі
Ту
21 қыркүйек 1920 жылы —  13 маусым 1924 жылы
Ізашары: Поль Дешанель
Ізбасары: Гастон Думерг
Өмірбаяны
Дүниеге келуі: 10 ақпан 1859(1859-02-10)
Париж
Қайтыс болуы: 7 сәуір 1943(1943-04-07) (84 жас)
Версаль
Жұбайы: Жанна Мильеран (1864-1950)
Балалары: ұлдары Жан (1899-1972) және Жак (1904-1979), қыздары Алиса (1902-1980) және Марта (1909-1975)

Алекса́ндр Мильера́н ( фр. Alexandre Millerand) ( 10 ақпан 1859 жылы, Париж, — 7 сәуір 1943 жылы, Версаль) — француз қайраткері, Франция президенті ( 19201924).

Саяси мансабын буржуазиялық радикал ретінде бастады. 1885 ж. парламент депутаты. 90 жылдың басында социалисттік қозғалысқа қосылып, оңшыл бағыт ұстады, реформашыл саясатты жақтады. 1899 ж. сауда және өнеркәсіп министрі ретінде үкімет құрамына кіріп, капиталисттік құрылысты белсенді түрде қорғады. Бұл социалистің тарихта тұнғыш рет буржуазиялық үкіметке қатысуы еді, және бұл мильеранизм деген ұғымның пайда болуына себеп болды.

1904 ж. Француз социалистік Партиясынан шығарыды. 1909- 10, 1912, 1913, 1914, 1915 ж. түрлі министрліктерде министрдің қызметін атқарды. 1920 ж. қыркүйектен қаңтарға дейін Министрлер Кеңесінің төрағасы және сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Александр Мильеран Кеңес Одағына қарсы интервенцияны белсене ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920- 24 ж. республика президенті, 1 925- 27 ж. сенатор. [1]

Мильеран үкіметі ( 20 қаңтар — 24 қыркүйек 1920)

  • Александр Мильеран — Франция шеткі істер министры;
  • Андре Лефевр — әскери министры;
  • Теодор Стег — ішкі істер министры;
  • Фредерик Франсуа-Марсаль — қаржы министры;
  • Поль Журден — еңбек министры;
  • Гюстав Л’Опитё — заң министры;
  • Адольф Ландри — теңіз министры;
  • Андре Оннора — өнер министры;
  • Андре Мажино — грант, пенция, пособия министры;
  • Жозеф Рикар — ауыл шаруашылық министры;
  • Альбер Сарро — бөлімшелер министры;
  • Ив Ле Трокер — қосымша жұмыстар министры;
  • Огюст Исаак — салық және сауда саттық министры;
  • Эмиль Ожье — босатылған облыстар министры.
Other Languages
azərbaycanca: Aleksandr Milyeran
srpskohrvatski / српскохрватски: Alexandre Millerand
slovenčina: Alexandre Millerand
Tiếng Việt: Alexandre Millerand