Айна

Mirror.globe.arp.500pix.jpg

Айна, оптикалық — беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын және нәрсенің оптикалық кескінін беретін шыны немесе металл дене.

Айнадан жарық сәулесі түсу және шағылу бұрышының тепе-теңдігін сақтай отырып шағылады. Айна арқылы денелердің оптикалық кескіні алынады және ол кескіндердің орны геометриялық оптика заңдары бойынша анықталады. Ең көп тараған түрі — оптикалық жазық айна. Сондай-ақ оптикалық жүйелерде сфералық,параболалық, эллипсоидтық т.б. шағылдырғыш беттері бар дөңес және ойыс айналар да қолданылады.
Айна бетінің пішіні математикалық жағынан неғұрлым дұрыс болған сайын, олардың сапасы солғұрлым жоғары болып келеді. Айнаның шағылдырғыш бетінің тегіс еместігі (микробұдырлығы) жарық толқыны ұзындығымен салыстырғанда аз болуы керек. Жазық емес айналардың барлығына абберация құбылысы тән. Жазық айна — абберациясыз кескін бере алатын жалғыз оптикалық жүйе. Жазық емес айнадағы дененің орны мен кескіні мына қатынас бойынша анықталады: 1/s + 1/s! = 2/r, мұндағы r — қисықтық радиусы, s — айна төбесінен денеге дейінгі, ал s! — айна төбесінен дене кескініне дейінгі қашықтық. Бұл қатынас айнаның оптикалық осі мен айнаға түскен жарық сәулесі арасындағы бұрыштың шамасы өте аз болған жағдайда ғана орындалады. Айна астрономиялық (айналы телескоптарда), спектрлік, жарықтандырғыш құралдарда (прожекторларда, фарларда т.б.), сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратуралар мен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады.[1]

Айнаны ылғал қабырғаға ілсе оның бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Оны тазалап, бетін жалтырату үшін «Акноль», «Быстрый», «Свет», «Нитхинол», «Нитхинол-1» және «Бло», «Миг» концентраттары қолданылады. Кейбір қоспалы өзіңің дайындап алуыңызға да болады: 1 ас қасық ұнтақталған бор (немесе тіс тазартатын порошок) мен 1 ас қасық сірке суын (уксусты) 1 стакан суға қосып, жақсылан араластырады. Осы қоспаны ысытып, одан кейін шамалы уақыт суытып, тұндырады. Содан соң бетіндегі суын төгіп тастайды да, қалған қоюымен айнаны тазалайды. Осындай мөлшерде бор мен мұсатыр спиртінен дайындалған қоспамен де айнаны тазалауға болады. Осыдан кейін айнаның бетін жұмсақ қағазбен сүрту керек.[2]

Айна — геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарда жарық сәулесін шағылдыру үшін қолданылатын, беті күміс, алюминий немесе күрделі жарық шағылдырғышпен жабылған жазық параллель тілімше түріндегі оптикалық тетік.[3]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 1-том
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Other Languages
العربية: مرآة
ܐܪܡܝܐ: ܡܚܙܝܬܐ
asturianu: Espeyu
azərbaycanca: Güzgü
تۆرکجه: گؤزگو
žemaitėška: Zelkorios
беларуская: Люстра
беларуская (тарашкевіца)‎: Люстра
български: Огледало
Bahasa Banjar: Caramin
বাংলা: দর্পণ
brezhoneg: Melezour
bosanski: Ogledalo
català: Mirall
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Giáng
ᏣᎳᎩ: ᏓᏎᏘ
کوردی: ئاوێنە
čeština: Zrcadlo
Чӑвашла: Тĕкĕр
Cymraeg: Drych
dansk: Spejl
Deutsch: Spiegel
Ελληνικά: Κάτοπτρο
English: Mirror
Esperanto: Spegulo
español: Espejo
eesti: Peegel
euskara: Ispilu
فارسی: آینه
suomi: Peili
Võro: Piigli
français: Miroir
Gaeilge: Scáthán
galego: Espello
Avañe'ẽ: Ñeangecha
עברית: מראה
हिन्दी: दर्पण
hrvatski: Zrcalo
Kreyòl ayisyen: Glas (pou gade)
magyar: Tükör
Հայերեն: Հայելի
Bahasa Indonesia: Cermin
Ilokano: Sarming
Ido: Spegulo
italiano: Specchio
日本語:
Basa Jawa: Pengilon
ქართული: სარკე
ಕನ್ನಡ: ಕನ್ನಡಿ
한국어: 거울
kurdî: Awêne
Latina: Speculum
Limburgs: Spegel
lumbaart: Spegg
lietuvių: Veidrodis
latviešu: Spogulis
македонски: Огледало
മലയാളം: കണ്ണാടി
मराठी: आरसा
Bahasa Melayu: Cermin
Mirandés: Speilho
မြန်မာဘာသာ: ကြည့်မှန်
эрзянь: Чавачамо
Nāhuatl: Tezcatl
Nedersaksies: Spegel
नेपाली: ऐना
नेपाल भाषा: न्हाय्‌कं
Nederlands: Spiegel (optica)
norsk nynorsk: Spegel
norsk: Speil
Nouormand: Mireus
occitan: Miralh
ਪੰਜਾਬੀ: ਸ਼ੀਸ਼ਾ
Deitsch: Schpiggel
polski: Lustro
پښتو: هينداره
português: Espelho
Runa Simi: Rirpu
română: Oglindă
русский: Зеркало
русиньскый: Зеркало
sicilianu: Specchiu
سنڌي: آرسي
srpskohrvatski / српскохрватски: Ogledalo
සිංහල: දර්පණ
Simple English: Mirror
slovenčina: Zrkadlo
slovenščina: Zrcalo
српски / srpski: Ogledalo
Basa Sunda: Kaca eunteung
svenska: Spegel
తెలుగు: దర్పణం
тоҷикӣ: Оина
Türkçe: Ayna
українська: Дзеркало
اردو: آئینہ
oʻzbekcha/ўзбекча: Koʻzgu
vepsän kel’: Zerkol
Tiếng Việt: Gương
Winaray: Espiho
吴语: 平面镜
ייִדיש: שפיגל
中文:
Bân-lâm-gú: Kiàⁿ
粵語: