Автомобиль нөмірлері

Автомобиль нөмiріавтокөлiк құралын мемлекеттік тіркеуге алғанда берілетін нөмір белгісі. Ол әдетте көліктің алдыңғы және артқы жағында метал немесе пластмассадан жасалған жарық қайтаратын тақтайшада бейнеленеді. Сондай-ақ қағаз түрінде көліктің алдыңғы және артқы терезелеріне де қондырылуы мүмкін (көбіне транзитті нөмірлер).

Көбінесе, автомобиль нөмірі көліктің белгілі бір елдің қайсыбір әкімшілік бірлігінде (облыс, қала, аудан) тіркелгенін айшықтап тұрады.

Көптеген мемлекеттерде нөмірлерді орталық тіркеу мекемесі, ал Канада, Аустралия, Германия, Пәкістан және АҚШ-та нөмірлерді жергілікті билік мекемесі үлестіреді.

Тарихы

Нөмір белгілері автомобильдерден бұрынырақ пайда болды. 1893 жылы 14 тамызда Франция Париж полициясының жарлығы бойынша нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды[1], оның артынан 1896 жылы Германия да солай істеді[2]. 1898 жылы Нидерланд "жүргізу рұқсаты" деп аталған ұлттық тіркеудегі нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды. Бастапқыда бұл нөмірлер жай ғана 1-ден бастап ретпен берілген сандар болды, бірақ кейін 1906 жылы өзгертілді.

Әр штаты өз нөмірлерін басып шығаратын АҚШ-та, Нью-Йорк штаты алғашында 1901 жылы көлігінің арт жағында көлік иесінің аты-жөнінің бірінші әріптері (инициалы) көрінетіндей болуын талап еткеннен кейін, 1903 жылдан бастап автомобиль нөмірлерін (ақ фондағы қара түсті сандар) талап ете бастады[3]. Бастапқыда көптеген құзіретті орындарда нөмір белгілері үкімет тарапынан шығарылмаған болатын, сол себепті моторлы көлік иелері өздері жасап шығарулары керек болды. 1903 жылы Массачусетс нөмір белгілерін шығарған алғашқы штат болды.

Құрама Патшалықта нөмір белгілері алғаш рет 1904 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль акты (Motor Car Act) бойынша талап етіле бастады[4].

Other Languages
Alemannisch: Kfz-Kennzeichen
العربية: لوحة مركبات
Boarisch: Autokennzeichn
беларуская (тарашкевіца)‎: Аўтамабільны знак
català: Matrícula
Esperanto: Licencplato
Bahasa Indonesia: Plat nomor
íslenska: Númeraplata
한국어: 차량 번호판
Nederlands: Kentekenplaat
Pälzisch: Nummernschild
srpskohrvatski / српскохрватски: Registarska oznaka
татарча/tatarça: Avtomobil kodı
vepsän kel’: Avtonomerad
Tiếng Việt: Biển đăng ký xe
中文: 車輛號牌
粵語: 車牌號碼