Аборт

Үлгі:Infobox disease Аборт (лат. abortus — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ.[1][2][3][4]

Экономикалық әсері

Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда Швейцария 333 миллион франк [5] экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну деңгейінің азаюы саналады.

Other Languages
Afrikaans: Aborsie
aragonés: Alborto
العربية: إجهاض
مصرى: اجهاض
asturianu: Albuertu
azərbaycanca: Abort
башҡортса: Аборт
žemaitėška: Abuorts
беларуская: Аборт
беларуская (тарашкевіца)‎: Аборт
български: Аборт
বাংলা: গর্ভপাত
bosanski: Pobačaj
català: Avortament
کوردی: لەبەرچوون
čeština: Interrupce
Cymraeg: Erthyliad
dansk: Abort
Zazaki: Kurtaj
Ελληνικά: Έκτρωση
English: Abortion
Esperanto: Aborto
español: Aborto
eesti: Abort
euskara: Abortu
فارسی: سقط جنین
suomi: Abortti
føroyskt: Fosturtøka
français: Avortement
Frysk: Abortus
Gaeilge: Ginmhilleadh
galego: Aborto
Avañe'ẽ: Membykua
हिन्दी: गर्भपात
Fiji Hindi: Abortion
hrvatski: Pobačaj
Հայերեն: Վիժում
interlingua: Aborto
Bahasa Indonesia: Gugur kandungan
Ilokano: Alis
íslenska: Fóstureyðing
italiano: Aborto
ᐃᓄᒃᑎᑐᑦ/inuktitut: ᐃᓄᐃᑎᑦᑐᖅ
日本語: 妊娠中絶
Patois: Abaashan
Basa Jawa: Aborsi
ქართული: აბორტი
Kabɩyɛ: Hɔɔ lɩzɩɣ
한국어: 낙태
Кыргызча: Аборт
Latina: Abortus
Lëtzebuergesch: Ofdreiwung
Limburgs: Abortus
lumbaart: Abort
lietuvių: Abortas
latviešu: Aborts
मैथिली: गर्भपतन
Malagasy: Fanalan-jaza
македонски: Абортус
മലയാളം: ഗർഭഛിദ്രം
монгол: Аборт
मराठी: गर्भपात
Bahasa Melayu: Pengguguran
Malti: Abort
नेपाली: गर्भपतन
Nederlands: Abortus
norsk nynorsk: Abort
norsk: Abort
Chi-Chewa: Kuchotsa mimba
occitan: Avortament
ଓଡ଼ିଆ: ଗର୍ଭପାତ
ਪੰਜਾਬੀ: ਗਰਭਪਾਤ
Kapampangan: Abortion
polski: Aborcja
Piemontèis: Abòrt
پنجابی: ابورشن
português: Aborto
Runa Simi: Sulluchiy
română: Avort
русский: Аборт
русиньскый: Аборт
srpskohrvatski / српскохрватски: Abortus
සිංහල: ගබ්සාව
Simple English: Abortion
slovenčina: Interrupcia
slovenščina: Splav
chiShona: Kubvisa nhumbu
српски / srpski: Побачај
svenska: Abort
Kiswahili: Utoaji mimba
తెలుగు: గర్భస్రావం
Türkmençe: Abort
Tagalog: Pagpapalaglag
Türkçe: Kürtaj
татарча/tatarça: Аборт
українська: Аборт
oʻzbekcha/ўзбекча: Abort
Tiếng Việt: Phá thai
Winaray: Punit
ייִדיש: אבארטאציע
Yorùbá: Ìṣẹ́yún
中文: 堕胎
Bân-lâm-gú: Jîn-kang liû-sán
粵語: 落仔